Ертең 365 беттік кітаптың бірінші беті жазылады

Ертең 365 беттік кітаптың бірінші беті жазылады
Фото: pixabay.com

Бүгін 2019 жылдың соңғы күні. Күнтізбедегі тағы бір жылмен қош айтысамыз. 365 жаңа күн, 365 жаңа мүмкіндік туады. Түнгі сағат 00:00-де есігімізді қағатын жаңа жылды әркім асыға күтеді. Бұл күні жиналған жұрт бір-біріне келер жылға жақсы-жақсы тілектер арнайды. Жаңа жыл туралы қанатты сөздер де бар. Біз ұсынған әдемі сөздерді тілегіңіздің арасына қосып, сөздің әрін келтірсеңіз болады.

► Ақымақ әр жаңа жылды алдыңғыдан да нашар күйде қарсы алады. (тай мақалы)

► Жаңа жыл балаларға қиял-ғажайып үшін қажет. Бейбаққа тағы да бір жыл бойы орындалмайтын жоспар құру үшін, ал басқаларына көңіл көтеру үшін керек. (Ишхан Геворгян)

► Оптимистер жаңа жылды қуана қарсы алады. Пессимистер өткеннің сымдарын жалғайды. (Михаил Мамчич)

► Жаңа жылға тән көңіл күймен жүріп, үйіңе біреу қателесіп кіріп келсе де қуана қарсы аласың.

► Өміріңде тағы бір жылға аман жетсең – бұл баға жетпес сыйлық.

► Жаңа жылды қалай қарсы алсаң... өзіңе де сол керек!

► Ертең 365 беттік кітаптың бірінші беті жазылады. Алғашқы бетті жақсылап жазыңыз. (Брэд Пейсли)

► Егер әркім кем дегенде бір жанды бақытқа бөлей алса, әлемде барлығы бақытты болар еді. (Юрий Никулин)

► Жаңа жыл. Ертеңнен бастап барлығы жақсы болатынына, жаңадан басталатынына уәде беріп, соған сенетін күн. (Януш Вишневский)

@. @assel_assanova