Евгений Евтушенко: "Әділдік – әрдайым кешігіп келетін пойыз"

Евгений Евтушенко: "Әділдік – әрдайым кешігіп келетін пойыз"
Фото: Sputnik Казахстан

Евгений Евтушенко – кеңес дәуірінің ақыны. Бүгін назарларыңызға ақынның қанатты сөздерін ұсынамыз.

►  Кейде ең маңызды әңгімені енді ешқашан көрмейтін бейтаныс адамға айтқан жақсы.

►  Әлемдегі әр ауруды өзі ауырғандай сезіне білген әрбір жанға алғысым шексіз!

►  Әділдік – әрдайым кешігіп келетін пойыз.

►  Қайғының қайығымен жүзіп көрмеген жан махаббат туралы сөз болғанда ауызын ашпай-ақ қойсын.

►  Егер адам өзі жексұрын болса, оның ұлты кім екенінде шаруам қанша?

► Жыламсырап, шырылдаған адамның бәріне бірдей сене бермеңіз, олар барлығын есеппен істеп, сіздің сеніміңізді ұрлайды... Жасырынған қуаныш күмәнді, қайғырып отырып күле беру сенімсіздік туғызады...

►  Әлемдік мәдениет – соғыстың алдын алатын, ұлы кітаптардан құйылған қақпа.

►  Барлық баланың ішінде ересек адам жасырынып жатады.

►  Мен осы күнге дейін қызғаныштың не екенін білмеп едім. Сен менің бойымнан осы сезімді ояттың. Енді ол бойымда мәңгілікке қалып қойды. Сен жеңдің. Сенің жеңісің сол – мендік болмадың.

►  Отан да тірі жаратылыс. Ол әйелден, балалардан, өмірде кездестірген көптеген адамнан құралады. Отан – саяси фразалар мен лозунгтер жиынтығы емес. Отанға деген махаббат – саяси жүйеге деген махаббат емес. Бұл тіпті табиғатқа деген махаббат та емес (табиғат та тірі жан болса да...), бұл бәрінен бұрын адамдарға деген махаббат.

►  Өзіңнің заңды күйеуіңді сүймей тұра бірге тұрудан асқан азғындық жоқ.

►  Әлемде қызықсыз адам жоқ, әр адамның тағдыры – бір ғаламшардың тарихымен тең.

►  Қайғыда тіл жоқ. Басыңды құшақтап, іштей ұлисың.

►  Мейірімділік – ең басты қасиет. Мейірімнің азын-аулағы, көбі болмайды. Егер әйелдің бойында мейірім бар ма, демек ол осы әлемге шынайы әйел боп келді деген сөз.

►  Бір кездері жер бетінде адам өте аз болғанда, бәріміз туыс едік. Кез келген соғыс бауырыңды өлтіруге бағытталған азаматтық соғыс боп есептеледі.

►  Бақытсыздықтың басты артықшылығы – үнсіздік, ал көп сөйлеу – паудакүнемдікпен бір туған.

►  Өз жүрегіңнен ешқайда қашып құтыла алмайсың.

►  Мен сүйген жанның бәрі менен артық еді...

@. @assel_assanova