Анна Ахматова: "Үмітің үзілгенде жаның тынышталады"

Анна Ахматова – орыстың ақын қызы, аудармашы, әдебиеттанушы, орыс әдебиетінен ойып тұрып орын алған тұлға.

►  Маған қаншама тас атылды, енді қазір олардың ешқайсысы қорқыныш туғызбайды.

►  Тәрбиелі адам ешкімді байқаусызда ренжітіп алмайды, ол әдейі ренжітеді.

►  Бұрын болмаған жерге барудан артық жүйкеңе пайда келтірер нәрсе жоқ.

► Жігіттер, сіздер әйелдерді көріктілер мен батырларды жақсы көреді деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олар батырлық пен сұлулықты жасайтындарды жақсы көреді.

►  Айтудың өзі қорқынышты, бірақ адамдар не көргісі келсе, соны көреді, не естігісі келсе, соны естиді. Сөзіме сенбесеңіз, өзіңіз туралы не естігеніңізді еске түсіріңіз.

►  Мен бүгін таң атқалы үнсізбін, ал жүрегім қарс айырылып жатыр.

►  Тыныш... Осыншама тыныштықта ғана уақыттың қалай өтіп жатқаны естіледі...

►  8 наурыз мерекесін кім ойлап тапқан? Әйелдер туралы қалайша жылына бір-ақ рет еске алуға болады?

►  Әр оқырман жер астындағы қазына секілді жұмбақ...

►  Тіпті ең ұлы өлеңнің өзі ақынды бақытты ете алмайды.

►  Ештеңені есте сақтауымды сұрама, есте сақтау қабілетім нашар екенін жақсы білемін.

►  Болашақ – шығар жолға дейін көлеңкесін түсіреді.

►  Үмітің үзілгенде жаның тынышталады, ал үміттену есіңнен адастырады.

►  Менің бүгін істейтін шаруам көп: жадты толықтай өлтіру, жанды тасқа айналдыру, қайтадан өмір сүруді үйрену.

►  Өмір сүру – еркіңде. Өмірден өту – үйіңде.

►  Нағыз нәзіктікті ештеңемен шатастыру мүмкін емес. Ол сондай баяу, бірақ бар екенін әрдайым біліп отырасың.

►  Шын жүрегіңмен сүйген адамың сен үшін ешқашан өлмейді, жүрегіңде мәңгі өмір сүреді.

►  Біз бәріміз бұл өмірге қонақпыз, өмір сүру жай ғана әдетке айналып қалған.

►  Түсініспеушілік, жалқаулық, реніш қабырғасын махаббаттың жалыны ғана бұза алады.