Бродский: «Сөздік қорыңызға банктегі есеп шотыңыздай көңіл бөліңіз»

Бродский: «Сөздік қорыңызға банктегі есеп шотыңыздай көңіл бөліңіз»
Фото: teletype.in

Иосиф Александрович Бродский ресейлік, маерикалық ақын, эссеист, драматург, аудармашы, 1987 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, 1991-1992 жылдардағы АҚШ-тың жыл ақыны.

► Өмір сүру қағидасы қарапайым: жай ғана өзіңізден күшті адамдар бар екенін түсінуіңіз керек. Сонда өмір жеңілдей түседі.

► Оттан күшті мұз бар, жаздан ұзақ қыс бар, күннен ұзақ түн болады, жарықтан күшті қараңғы бар... Үлкен, қалың бақ болады, алайда одан еш жеміс ала алмауыңыз мүмкін... Сол секілді суынған сезімнен сақтаныңыз, әйтпесе үсіп қаласыз.

► Өзіңіздің биік сезімдеріңіз үшін күн сайын тер төгуіңіз керек.

► Адамдар арасында айрықшалануға емес, сыпайы болуға тырысыңыз. Ерекше адам онсызда көп.

► Өмірді ғажайыптары үшін ғана емес, қиындықтары үшін де қадірлей біліңіз.

► Өміріңізге балта шапқысы келетін адамдарға назар аудармаңыз. Ал олардан құтыла салысымен, есіңізден шығарып тастаңыз.

► Ата-анаңызға барынша мейірлі болуға тырысыңыз. Олар үшін барлығына дайын болыңыз. Ата-ана – ең жақын нысана, қашықтығы сондай, оған қол бұлғап та үлгермей қалуыңыз мүмкін.

► Философияға елу жастан асқанда ғана ден қойған дұрыс. Алдымен сорпа қайнатуды үйреніп алыңыз, балық аулай алмасаңыз да оны қуыруды біліңіз, қарапайым кофе әзірлеуді үйреніңіз. Әйтпесе өнегелік заңдарынан әке белдігінің не өзге тілден аударылғанының иісі шығып тұруы ықтимал.

► Өз сөздік қорыңызды үнемі байытып отыруға тырысыңыз, банктегі есеп шотыңызды қалай толтырсаңыз, сөздік қорыңыз да солай толығып тұруы тиіс.

► Саясаткерлерге мін тақпаңыз. Алтын ғасыр ешқашан болған емес, болмайды да. Әлемді өзіңіз басқарасыз. Тым құрыса өз бәлішіңізді өзіңіз пісіріңіз, сонда мақтау да даттау да әділ болады.

► Сіздікі қанша жерден дұрыс емес болса да, бұл сіздің ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас өміріңіз.

► Өзіңді шексіз зерттей беруден жалықсаң, маған хабарлас. Бірге би билейміз.

► Біреудің ісіне бөгет болуға ешкімнің хақысы жоқ. Түптің түбінде осы жолдарды жазып отырған мен де өлемін, оқып отырған сіз де өлесіз.

@. @assel_assanova