Станислав Ежи Лец: «Адамдар жалғыз, себебі көпір емес, қамал салады»

Станислав Ежи Лец: «Адамдар жалғыз, себебі көпір емес, қамал салады»
Фото: teletype.in

Станислав Ежи Лец – поляк ақыны, сатирик жазушы, философ.

Бастауға дейін жету үшін ағысқа қарсы жүзуің керек.

Нағыз жауың сені ешқашан тастамайды.

Барлығын өзіңіз үйреніңіз, өмір өзі үйретеді деп күтіп жүрмеңіз.

Рұқсатсыз кіре беретін адамдарға өз есігіңді ашпа.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, ал заңды білген адам көп жағдайда жауапқа тартылады.

Сен басыңды қабырғаға соқтың дейік. Ал көрші бөлмедегілерді қайтесің?

Турашылдар! Бұрылыста абай болыңыз.

Барлығы жағдайға тәуелді. Ал сол жағдайды да кім басқаратынын білу керек.

«Шығар жолы жоқ» деп  біз шығу жолы өзімізге ұнамайтын жайды атаймыз.

Маймыл айнадағы бейнесін көріп күлкіге батқанда адам өмірге келді.

Жұмаққа табытпен баратының өкінішті.

Бейтанысқа құшағыңды кең ашпа, олар өзіңді керіп қояды.

Жындының сандырағын айтпа, дұшпандарың тыңдап отыр.

Тіпті арманнан да тосап жасауға болады, тек жемістер мен қант қоссаң болды.

Адамдар жалғыз, себебі олар араға көпір салу орнына, қамал орнатады.

Шығармашылық – суретшінің өз өзінен жасыратын жұмбағы.

Тереңіне бойлай алмаған жазушы әрдайым бетінде қалқып жүреді.

Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.

Ешқандай сағаттың тілі қалай өмір сүру керек екенін көрсетпейді.

Тіпті өмір сүру қауіпті, одан өліп қалуың мүмкін.

Өмірден өткеннен кейін өзіңді өзің де ұмытасың, басқалары туралы айтпай-ақ қояйық.

Мен әдемімін, мықтымын, ақылдымын, мейірімдімін. Бұл жаңалықтың барлығын өзім аштым.

@. @assel_assanova