Екі бірдей сұраққа екі түрлі жауап берген қарт

Екі бірдей сұраққа екі түрлі жауап берген қарт
Фото: Qasym.kz

Бір көгалға жас жігіт келіп, су ішіп алған соң, бұлақ жанында демалып жатқан ақсақалдан сұрайды: 
– Мұнда қандай адамдар тұрады? 
Ақсақал өз кезегінде жас жігіттен: 
– Ал сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? – деп сұрайды – Жаман ойлары көп өзімшіл адамдар, – деп жауап қатады жігіт. 
– Осы жерден де ондай адамдар табылады, – деп жауап береді қарт. Сол күні, басқа жігіт бұлаққа келіп шөлін қандырып, қартпен амандасып, сұрайды: 
– Мына жерде қандай адамдар тұрады? 
Қарт жауап берудің орнына сол сұрақты өзіне қояды. 
– Ал, сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? 
– Керемет адамдар, адал, қонақжай, мейірман. 
Маған олармен қоштасу ауыр болды. 
– Ондай адамдарды сен осы жерден де кездестіресің, – деді қарт. 
Екі әңгімені де естіген бір адам: 
– Сен бірдей екі сұраққа қалайша әр түрлі жауап бердің? – деп сұрайды.
Оған қарт былай деп жауап берді: «Біздің әрқайсысымыз жүрегімізде не болса, сырттан да соны көреміз. Өз үйінде таба алмаған жақсылықты, ешкім сырттан, осы жерден немесе басқа жерден таба алмайды».

Түйін. Шынымен-ақ, жүрек тыныш таппай, жүрек қаламайынша біз сыртқы ортаны жаман деп те, жақсы деп те қабылдауымыз мүмкін. Қарттың айтқаны ақыл боп қонса, ғасырға азық болар ой екен. 

М. Ақан