Жаңғырық

Жаңғырық
Фото: cita.com.ua

Бірде әкесі және баласы орманда серуендеп жүреді. Кенет баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан "Аххх!" деп айқайлап жібереді. Жанындағы таудан "Аххх!" деген дауыс естігенінде бала таңғалады. Ешнәрсені түсінбеген бала "Сен кімсің?" деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да "сен кімсің?" болып келеді. Бұл жауапқа ашуланып "Сен қорқақсың!.." деп айқайлайды. Таудан келген дауыс "Сен қорқақсың!"деп жауап береді. Бала әкесіне бұрылып сұрайды:

– "Әке, не болып жатыр?". Әкесі:

– "Балам тыңда және үйрен!" – деп тауға қарап: "Мен саған қайран қалдым!" деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да "Мен саған қайран қалдым!" деп келеді. Әкесі қайтадан айқайлайды, "Сен өте әдемісің!..". Жауап тағы "Сен өте әдемісің" деп оралады. Бала қатты таңғалады, бірақ әлі не болғанын түсінбейді. Әкесі оған түсіндіріп береді.

– Құлақ салып тыңда, балам! Адамдар бұны жаңғырық деп атайды, бірақ негізінде бұл – өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – ол біздің жасаған мәмілеміздің айнасы. Өзіңді жақсы көргізгің келсе, алдымен өзің жақсы көр! Саған жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен! Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей. Өмір кездейсоқ нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы.

Ж. Жұмағұлов