Байлық. Жетістік. Махаббат.

Байлық. Жетістік. Махаббат.
Фото: faq4uni.com

Бір әйел үйінен шығып бара жатып, кіре берістен ұзын ақ сақалды үш қарияны көреді. Әйел оларды танымай, былай деді:

– Мен сіздерді танымаймын, бірақ сіздердің қарындарыңыз аш болар. Өтінемін, үйге кіріп бізбен бірге түскі ас ішіңіздер.

– Біз үйге бірге кірмейміз, деді олар.

– Неге екенін білуге бола ма?

Ақсақалдардың бірі әрқайсысына нұсқай отырып түсіндірді:

– Мынаның аты – Байлық, ал екіншісінің аты – Жетістік, менің атым – Махаббат. Үйіңе қайтып бар да, қайсымызды шақыратындарыңды жолдасыңмен ақылдасып, шешіңдер. Әйел адам үйіне барып, болған жайды күйеуіне айтады. Күйеуі қуанып, былай дейді: 

– Қандай жақсы! Байлықты шақырайық! Біздің үйімізге кіріп, молшылыққа толтырсын! Әйелі күйеуімен келісетініне сенімсіз болып: 

– Қымбаттым менің! Бізге неге жетістікті шақырмасқа?

– Махаббат дұрыс сияқты? –деді барлығын естіп, жүгіріп кірген қызы. Ойлаңдаршы, үйіміз махаббатқа толса қандай керемет болар еді?

– Қызымыздың айтқанын жасайық, – деді күйеуі әйеліне. – Шық та, махаббатты біздің қонағымыз болуға шақыр. Әйел шығып үш ақсақалдан сұрады:

– Сіздердің қайсыларыңыз махаббатсыз? Өтінем, жүріңіз, біздің қонағымыз болыңыз. Ақсақалдардың біреуі тұрып, үйге беттеді. Қалған екеуі тұрып, оның соңынан ерді. Таңданған әйел Жетістік пен Байлықтан қарап:

– Мен тек Махаббаты шақырдым, сіздер неге еріп келе жатырсыздар?

Олар былай деді:

– Егер тек Байлықты немесе тек қана Жетістікті шақырсаңыз, басқалары сыртта қалар еді. Ал сіз Махаббаты шақырдыңыз, ол қайда барса да, біз соның соңынан ереміз. 

С.Давлaтов «Ақша және мен» кітабы

Ж. Жұмағұлов