Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Егер біреу ренжітсе...

Егер біреу ренжітсе...

Егер біреу ренжітсе...

Бірде бір жігіт досына:

– Сенің өзгелерге өкпе-реніш білдірген кезіңді көрген емеспін. Маған да өзіңдей болуды үйретші, - дейді.

Досы жігіттен картоп пен дорба әкелуді сұрайды.

– Егер де сен біреуге ренжіп, сол адамға ішіңде ыза мен ашуыңды түйер болсаң, бір картопты ал да, дорбаға салып қой.

– Сол-ақ па? - деп таңданады жігіт.

– Жоқ. Сосын осы дорбаны өзіңмен бірге үнемі алып жүр. Кімге ренжісең де бір картоптан қосып салып тұр, - дейді.

Жігіт келісіп, үйіне келеді. Арада біраз уақыт өтеді. Дорба тола бастайды. Тағы бірер айда дорба толып, ауырлайды. Кейбіреулері шіри бастайды. Жігіт досына келіп:

– Мұны енді өзіммен алып жүру мүмкін емес. Қатты ауырлап, картоптарым шіри бастады. Басқа нәрсе айт, - дейді. Сонда досы:

– Адамдардың жүрегінде де дәл осылай болады. Мұны өздері байқамайды. Біреуге деген өкпе-реніш жүректе жиналып, жараға айналады. Адам да ішінен шіри бастайды. Енді біреуге ренжіген сайын, не біреуді ренжіткен сәттеріңде бұл ауыр жүктің саған керегі бар ма, жоқ па, жақсылап ойланып ал, - деп жауап береді.

1
Рейтинг: +2

Фото: vk.com
Қосылған күні: 25 қараша 2017, 19:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.