Жел мен гүлдің махаббаты

Жел мен гүлдің махаббаты
Фото: vk.com

Махаббат деген не, сіздіңше? Бұған әркім әр түрлі жауап береді. Қанша адам болса, түсінік те сонша көп. Бізге керегі түсініктің көптігі емес, сол махаббат атты құдіреттің бар болғандығы. Төмендегі тәмсілге назар аударыңыз. Одан басқаша жауап табасыз. 

Жел әдемі Гүлді кездестіріп, оған ғашық болыпты. Ол нәзік самалымен Гүлді желпігенде Гүл де өз махаббатын білдіріп, хош иісін шашады. Бірақ, Желге ол аздық етіп:

— Егер мен Гүлге бар күшіммен үрлесем, оның иісі — одан да тәтті болатын шығар, — деп, Гүлге бар күшімен үрлейді. Бірақ, Гүл қатал боранға төзе алмай — сынып қалыпты. Жел Гүлді қайта тұрғызбақ болып, қанша әлектенгенімен, қолынан ештеңе келмеді. Содан соң, қайтадан нәзік самалымен үрлегенде, гүл — есін жиғандай болды. Сонда жел:

— Мен саған махаббатымның бар күшін бердім, алайда сен сынып қалдың. Сенің маған деген махаббатың күшті болмаған сияқты. Демек, сен мені сүймегенсің, — деді ашуланып. Бірақ, гүл — еш жауап қатпай, өліп қалды. 

Түйін: Сүйген адам күшпен ешкімді сүйдіре алмайды, керісінше, нәзік сыпайылығымен ғана баурап алады. Махаббат, ол — нәзік сезім.

Ж. Жұмағұлов