Қызым бақытты, балам бақытсыз

Қызым бақытты, балам бақытсыз
Фото: instagram.com

Бір шешейден көршісі:

- Қызың қалай? - деп сұрапты.

- Ол өте бақытты! Күйеуі сондай керемет жан! Ол қызыма көлік, қымбат әшекейлер сыйлап, қызметші жалдап берді. Ол таңғы асты қызымның төсегіне әкеліп береді. Қызым ұйқысын қандырып түстен кейін тұрады, - депті шешей. 

- Ұлыңның қалы қалай? - депті сонда көршісі.

- Ох, менің кішкентай бейшара балам! Ол әйеліне көлік, қымбат әшекей сатып алып берді, әйелінің жеке қызметшісі де бар. Келінім болса, таңғы асты балама дайындатып, өзі түстен кейін бір-ақ тұрады. Баламның бағы ашылмады...

Түйін: Әр ана үшін өз перзентінің бағы бәрінен маңызды. Ол баласы қандай болса да, сүюге, шексіз жақсы көруге дайын. Өйткені ол – ана.

М. Оңғарова