Бақыт, бізге оянатын кез келді

Бақыт, бізге оянатын кез келді
Фото: Dreamatico

Бірде бір данышпан жанында отырған досына айтты:

– Бөлмені жақсылап бақыла да, қоңыр түсті нәрселерді есіңде сақтап ал,– деді. Бөлмеде қоңырқай түсті зат көп еді, досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындады. Данышпанның келесі шарты мынау болды:

– Енді көзіңді жұм да, көк түсті зат нешеу болғанын есепте! – деді. Әлгінде ғана қоңыр түсті нәрселерді санап отырған досы аяқ астынан көк түсті заттарды сұрағанда абдырап қалды. Досының тапсырмасы бойынша тек қоңыр түсті бұйымдарды барлап, көк түсті ештеңені аңғармағанын айтты. Оған данышпанның берген жауабы:

– Қане, көзіңді аш! Қарашы, бөлме көк түсті нәрселерге толы. Мен саған бұл мысалмен өмірдің ащы шындығын түсіндіргім келді. Адам айналасынан қай түсті іздесе, сол түсті көреді. Қоңыр түстерге ғана назар салса, өмір де тек жамандықтан, қатігездіктен, әділетсіздіктен құралғандай көрінеді. Тек осыларды ғана байқап, басқа игіліктерді көзге ілмейді. Жамандық іздеген жан оны міндетті түрде тауып алады, сөйтіп көз алдында жақсылыққа орын қалмайды. Алдыңнан жамандық қана шыға беретіндей, ешқашан жолың болмайтындай сезінсең, өмір осылай жалғаса береді. Үнемі үстіңнен төніп тұрардай қауіп пен қорқыныштан арыла алмайсың. Ал үмітіңді үзбей жақсылыққа ұмтыла берсең, өміріңдегі қара түстерді аққа бояп, шешім қабылдауда батылырақ бола түскеніңді байқайсың.

Әр күні оянған сәтте «Бақыт, бізге тұру керек. Оянатын кез келді» деп сізбен бірге ұйықтаған бақытты да оятып, жаныңыздан тастамай алып жүріңіз. Бұл оңай. Сіз үнемі ертіп жүрсеңіз, бақыт сізді тастап ешқайда кетпейді. Ой-санаңызбен барлығын билей аласыз.

@. @assel_assanova