Жомарт бай мен адвокат

Жомарт бай мен адвокат
Фото: yvision.kz

Бұхарада бір өте жомарт, бай кісі болды. Ол кісі руханиятта, әулиелердің құпия әлемінде ең жоғары дәрежеге ие еді. Ол әр күні адамдардың әр түрлі топтарына: бір күн ауру-сырқауларға, келесі күні мүгедектерге, үшінші күні жетімдерге, содан соң жесірлерге т.т. садақаға алтын таратушы еді. Бірақ аузын ашып, өзі бірдеңе сұраған адамға ештеңе бермейтін. Белгілі болғандай, адамдардың барлығы үндеместен жүре бермейді.

Қорғаушылар (адвокат) өз үлесін алатын күні араларынан бір қорғаушы өзін-өзі ұстай алмай садақаға алтын сұрады. Бай өз дегенінде тұрып, оған ештеңе бермей қойды.

Ертесіне мүгедектердің күні, әлгі адвокат өтіріктен мүгедек секілді болып келді. Жомарт кісі оны танып қойып тағы да ештеңе бермей жіберді.

Ашуланған ол енді әр түрлі кейіпке еніп, түрлі-түрлі әдіске көшті. Тіпті бірде ол әйел боп киініп келіп еді, сонда да құр қол қайтты. Болмаған соң ол адвокат бір қабіршімен келісіп, өзін мәйіт секілді табытқа салып алып өтуін сұрады. "Бай кісі жанынан табыт өтіп бара жатқанда мені өлік деп ойлап табытқа ақша салар, соны екеуміз бөлісерміз,"-деді оған.

Оқиға соның айтқанындай болды. Жомарттың қолынан алтын сөлкебай табытқа түсті. Оны түспей жатып қағып алған адвокат байға қарап: 

– Маған келгенде сіздің жомарттығыңыз ұстамай қалды. Ал мен бәрібір оған қол жеткіздім!- деді.

– Сен өліп қалғанша менен ештеңе ала алмайсың,-деді жомарт бай.

Ж. Жұмағұлов