Өзіңе сену туралы хикая

Өзіңе сену туралы хикая
Фото: www.stihi.ru

Бір кәсіпкер қарызға әбден батып, одан шығар жолды таппай жаны қиналды. Ол несие берген банктерге пәленбай ақша қарыз еді. Ал тауарын несиеге берген коммерсанттар да өздеріне тиісті ақыларын талап етуде. 
Ол демалмақ болып саябаққа барып еді, неше түрлі ойлар мазасын алды. Қиналғанынан басын ұстап, қу тақырдан шығу жолын ойланып отырды. Кенет бір қария, оның алдына келіп тұрып алды.

– Сізді бір мәселе аса мазалап тұр-ау деймін. Айтып бермейсіз бе? - деді ол кісі.
Кәсіпкер оған басынан өтіп жатқан оқиғаларды айтып берді. Ақшаның жетпей жатқанын және банк несиеге ақша бермегенін айтты. Қария сөзін бөлместен тыңдады да, – Мен сізге көмектесе алатын сияқтымын, - деді.

Ол кәсіпкердің аты-жөнін сұрап алып чек толтырып, оны таңғалып тұрған адамның қолына ұстатты.
– Мына ақшаны алыңыз. Бір жылдан соң дәл осы жерде кездеселік, ақшаны сол кезде қайтарарсыз.
Кәсіпкер бірдеңе деп үлгерген де жоқ, қария көптің арасына кіріп, жоқ болып кетті. Ол чектің қаражат көрсететін жеріне қарап еді, онда «500 000 доллар» деген жазу тұр, ал төменде «Джон Рокфеллер» деп атын жазыпты. Джон Рокфеллер деген дүние жүзіндегі ең атақты бай адам ғой!

«Енді, барлық мәселелерімді шешуге мүмкіншілігім бар», - деп ойлады ол. Бірақ, кәсіпкер басқа амал істеді, ол чекті сейфке салып қойды. Сол чектегі ақша бар екенін білуінің өзі бизнесін сақтап қалу үшін көп күш-қуат берді. 

Сөйтіп ол жаңа күш-қуатпен іске кірісіп көптеген келісімдер жасап, бизнесін алға жүргізді. Ол көп сауда жасады. Бірнеше айдың ішінде барлық қарызынан құтылып, артық ақша таба бастады. 

Бір жылдан соң, ол саябақтағы баяғы қарияға кездескен жерге чегін алып барды. Келісілген уақытта қария да сол жерге келді. Кәсіпкер оған чекті қайтарып, басынан өткен оқиғаларды айтып бермек болды. Сол сәтте бір мейірбике жүгіріп келіп, қарияны қолынан ұстап: «Ұстап алғаным жақсы болды ғой! Ол сізді мазалаған жоқ па?»-деп сұрады. – Бұл ақсақал жиі-жиі үйінен кетіп қала береді, сосын жұртқа өзін Джон Рокфеллермін деп таныстырады». Кәсіпкер болса аузы ашылып, аң-таң болып тұр. Бір жыл бойы ол қаншама кездесулер өткізіп, қаншама сауда жасап, қысылып қалсам артымда тығулы тұрған жарты миллион доллар қаражатым бар ғой деп жүріп еді.

Сөйтіп ол аяқ астынан өзін құтқарып қалған ақша емес екендігін түсінді. Оған жаңа күш-қуат берген жаңа сенім еді. Істі қолыңа ал! Жауапты сәтте басты рольді тек нық сенімділік береді!

Ж. Жұмағұлов