Ыдыс арқылы ырыстың мәнін көрсеткен ұстаз

Ыдыс арқылы ырыстың мәнін көрсеткен ұстаз
Фото: RabStol.net

Өмір жолына қадам басқан күннен бастап бізді кедергілер мен сынақтар күтіп тұрады. Тек соған шыдағандар ғана әрі қарай жүруге талпынады. Ал шыдаудан бас тартып шаршағандар тек өмірдің жаман жағын көреді. Тіпті оны сүруден, қызық қылудан қалады.

Жоғары оқу орнын бітірген түлектер он жыл өткен соң өздерінің профессорларына қонаққа келеді. Бұл олардың кезінде психология пәнінен берген ұстаздары. Барлығы отырып әңгіме дүкен құрады. Өмірге жол алған түлектер қоғамның жаман тұсын айтып, тек қана арыздары мен шағымдарын жеткізді. 

Қоғамнан әбден көңілдері қалған шәкірттеріне ұстаз ұзақ қарап отырып, шай ұсынды. Үстел үстінде шай және түрлі түсті ыдыстар тұрды. Фарфордан жасалған, шыныдан, хрустальдан және ағаштан жасалған қарапайым ыдыстар да болды. Шәкірттері әртүрлі ыдыстағы шайларын бөліп алғаннан кейін ұстазы: 

«Сіздер байқадыңыздар ма, мұнда тұрған ыдыстардың бәрі қымбат ыдыстар. Тіпті қарапайым ағаштан жасалған ыдысты ешкім алған жоқ. Бұл сіздердің қалауларыңыз. Ендеше қалау – басты себепкер. Түсініңіздер: ыдыс шайдың дәмін келтірмейді. Бірақ ол қымбат ыдыстың ішінде тұр. Сендер ыдысты емес, шайды қаладыңдар. Тағы да айтамын, бұл – қалауларың. 

Бір қызығы сендер ыдыстарды бөліп алғаннан кейін, шайға емес, кім қандай ыдыс алғанына мән бердіңдер. Енді ойланыңдар: өмір – бұл сусын, ал жұмыс, ақша, ынта мен қоғам – ыдыс. Сіздерді өмірден бөле қаратып тұрған тек қана ыдыс. Сондықтан қандай ыдыспен ішсеңіздер, де ол сіздердің өмірлеріңіздің мәнін құртпайды. Тек біз кейде ыдысқа қарап, ішіндегі өмірдің дәмін ұмытып кетеміз... 

Таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпаған жөн. Жақсылық бар жерде жамандық қатар жүреді. Тек таңдау сізде!

М. Ақан