Денсаулық туралы мақал-мәтел

Денсаулық туралы мақал-мәтел
Фото: Ерболат Қанатбек

Денсаулық — ең басты байлық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан өмірімізге қауіп төндіретін зиянды заттардан аулық болып, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Назарларыңызға бір топ денсаулық туралы мақал-мәтел ұсынамыз.

1. Еңбектен асқан ем жоқ.

2. Қуып ішкенің — қақалғаның, 
Ажалыңа тақалғаның. 

3. Таңертеңгі асты тастама, 
Кешкі асқа қарама. 

4. Жалқаулық — жаман ауру. 

5. Тазалық — саулық негізі, 
Саулық — байлық негізі. 

6. Жұғын бар жерде — шыбын бар, 
Шыбын бар жерде — шығын бар. 

7. Дос-жаран ауырып қалғанда, 
Елемей селсоқ жүрерсің. 
Әлекке ауру салғанда, 
Қадірін жанның білерсің. 

8. Екі ауру бір келсе, 
Ажалыңның жеткені. 

9. Дәрігер дәрімен емдемейді, 
Тілмен емдейді. 

10. Қимыл шынықтырады, 
Ұйқы тынықтырады. 

11. Қомағай болдым дегенше, 
Қорадан шықпай өлдім де. 

12. Ауырып, ем іздегенше, 
Ауырмайтын жол ізде. 

13. Жан ауырса, тән азады, 
Қайғы басса, жан азады.

Ж. Исакаев