Барлық дүниенің жаны бар

Барлық дүниенің жаны бар
Фото: massaget.kz

Ол – әлем әдебиетіндегі шоқтығы биік жазушы. Ол – «магия реализмі» бағытының негізін салушы. Ол ертеңгі күннің барына сеніп, артына хат қалдырды. Ол – Габриэль Гарсиа Маркес. Сіздердің назарларыңызға жазушының даналаы ойын ұсынып отымыз.

1. Барлық заттың, дүниенің жаны бар. Бар болғаны оны оята білу керек.

2. "Кешірші", "Өтінем", "Ренжімеші", "Рақмет" сынды сөздерді айтуға бос уақыт табыңыз.

3. Егер сіз өз махаббатыңызға жолықсаңыз, бір аптадан соң да, бір айдан кейін де, жылдар салып та, ол сізден алыстамайды.

4. Дүниеқоңыздар өлсе, заттары да бірге өледі.

5. Мұңды жеңе алатын ем әлі табылмады, табылмайды да. Өйткені ол бар. Ол – бақыт.

6. Ұзақ күткен адам дәл сондай уақытты тағы да күте алады.

7. Ақымақтардың бәрі – ақымақ? Егер олардың сөздерін соңына дейін тыңдасаңыз, қателескеніңізді түсінесіз.

8. Күліп жүріңіз. Мұңыңызға салтанат құрғызбай, күліп жүріңіз.

9. Сіздің айналаңызда фантастикалық шығармалардан да қызық оқиғалар болып жатыр.

10. Мен қалпақ кимеймін: ешкімнің алдында шешпеу үшін.

Г. Берік