Әлемді құтқару оңай емес, алайда адамды құтқаруға толық мүмкіндік бар

Әлемді құтқару оңай емес, алайда адамды құтқаруға толық мүмкіндік бар
Фото: www.peoples.ru

Өмір болғасын неше түрлі кедергіге кезігетініміз анық. Алайда оның бәріне көңіл-күйімізді түсірмей, алға қарай ұмтылуымыз керек. Бүгін әйгілі ақын, философ Иосиф Бродскийдің өмір туралы айтқан бір топ қанатты сөзін назарларыңызға ұсынамыз.

Өмір сүру өте қарапайым. Ол үшін өзіңізден де жоғары адамдар бар екенін түсінсеңіз болғаны. Өміріңіз жеңілдеп қалады.

Тәуелсіздігіңізді жоғалту, тазалығыңызды жоғалтудан да қиын.

Әлемді құтқару оңай емес, алайда адамды құтқаруға толық мүмкіндік бар.

Аяғыңыздан шалып, сізді бақытсыз еткісі келетіндерге бұрылып та қарамаңыз. Өйткені өмірде ондай опасыздар көп кездеседі. 

Жалғыздық қоршаған ортаға көзқарасты өзгертеді. Кейде жалғыз отырып, өміріңізді ой елегінен өткізіп алуға болады. 

Ашуға бой алдыра бермей, бәрін ақылға салып шешіңіз. Себебі ашудың арты жақсылыққа апармайды. 

Өмірде бәрі өз орнымен, уақытымен болады. Басқаларды басып озам деп, аспандап кетудің қажеті жоқ.

Жағдайыңыз өте нашар болса да, өзгені кінәламаңыз. Адам қателікті алдымен өзінен іздеу керек.

Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Сондықтан әлсіздерге әлімжеттік жасап, жақсы атты бола алмаймыз. 

Адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі – мейірімділік. Жүрегінде кішкентай болса да мейірімі жоқ адам ешқашан өз дегеніне жете алмайды. 

Миыңыз қаншалықты аз ақпарат қабылдаса, соншалықты көп жұмыс істейді.

Ақымақ болмаңыз, алдыңызға мақсат қойыңыз. Ал сол мақсатқа жету үшін ерінбей еңбек етіңіз. 

Ж. Исакаев