Қарыз бен парыз

Қарыз бен парыз

Адам баласы алдында талай ұлы парыздар бар. Соның бірі – жақсылық жасауға ұмтылу. Кейде өмірде жасаған жақсылығым кері қайтпады деп налитын жандар да кездеседі. Осы орайда, ой саларлық ескіден келе жатқан екі достың әңгімесіне кезек береміз.

- Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен  қайыр-жақсылығымның қарызы қайтпады,- деп налыған бір адамға досы отырып:

- Онда  өкінетін ештемең жоқ екен достым. Өйткені, біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамгершіліктің парызы ғой,- депті.

Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам содан былай өзгеге істеген жақсылығы жайында  жұмған аузын ашпайтын болыпты.

Сурет: fiski.ru

Ө. Сансызбай