Ескі әлем әлі де ой үстінде келеді...

Ескі әлем әлі де ой үстінде келеді...

«Кітапхана – адам миына қойылған асыл ескерткіш» (Ә. Кекілбаев). Расымен де, ескі әлемнің жаңа кейіпкерлері талай мыңжылдықтар көшінде өзінің өмірлік тәжірибесі мен даналығы арқылы адамзаттың ойқазанын толтырды. Оған қоса, өмір сүру пәнін үйрететін үздік ой үлгілері Жер шары тұрғындарының игілігіне жарап келеді. Адамзат ақыл-ойының Кітапханасын қалыптастыруда құнды қазына қоймасы болған тұлғалар тарихта жетерлік. Соның бір дәлелі ретінде көне дәуір кемеңгерлерінің әр алуан тақырыпта өткір де өміршең, жауһар пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

* Ойсыз, мұңсыз уақыт зая.

Яссауи

* Ақылды болудың пайдасы шамалы, маңыздысы оны қалай істетуде.

Рене  Декарт 

* Мәселе білімнің бүтіндігінде емес, ақылдың бүтіндігінде.

Демокрит

* Көптеген мойындалған ақиқат әуелгіде масқараланған. 

Бернард  Шоу

* Адам түсінуге мүмкіндігі жоқ дүниені түсінуі керек: әйтпегенде, ол жайлы бас ауыртпаған болар еді. 

Иоганн  Гете

* Аз іштің не, көп іштің не, жіңішке-жуандығына қарамастан көзіңе кірген қазықтың соқыр ететініндей парықсыз.

Тахир Мәлік

* Әрекетсіздікке бақыт жат келеді.

Достоевский

* Бір нәрсені орындай алмаймын деген күдік көңілге келгеннен-ақ, кенет оны іске асыру мүмкіндігі мүшкілдікке айналады. 

Бенедикт Спиноза

* Адам өз-өзіне мойынсұнуды және ұстаным-қағидаттарына бекем болуды үйренгені ләзім. 

Цицерон

* Уақыты келіп ғылым қиялдан озып кетеді.

Верн

* Идея фактіден жоғары бағаланады.

Бальзак

* Қиял білімнен де маңызды.

Эйнштейн

* Ақиқаттан қорықпайтын адамның жалғаннан қорқуы мүмкін емес.

Джефферсон

* Жетістік (прогресс) оқиға емес, қажеттілік.

Спенсер

* Ақиқатты ұнатпайтындар оны қорушыларды да ұнатпайды.

Феленон

* Өтірік те маскүнемдік секілді. Өтірікші өлім алдында да өтірік айтып үлгереді.

Чехов 

* Данышпандық я Даналық – ғылымдардың ең анығы. 

Арасту

* Сократ менің досым, бірақ, шындық одан да қымбат.

Платон

* Шынайы дос басыңа іс түскенде білінеді, жалғандары өздері-ақ бөлінеді де...

Эзоп

* Өзгенің сырын әшкере ету – сатқындық, өз сырыңды ашып-жаю – ақымақтық.

Вольтер

* Дүниедегі ең мылжыңдар - бекершілдер.

Павленко

* Бәріне дос болған адам ешкімге дос болмаған адам.

Арасту

* Жұтқан өзіңдікі, шайнағаның күмәнді.

Платон

* Әдебиетке ұры мысықтай тосыннан түсетіндер болады, бұлар әдебиетті кәсіпке яғни, тұрмыс түтігіне айналдырады.

* Жүрегің кесек етке айналып қалмасын.

Пауло  Коэло

* Бұл дүниеге келдің бе, енді өмір сүр!

Аристотель

* Ең үлкен қателік – адам өзін нұқсансыз санауы.

Карлейл

* Кісі өзгенің бақытынан бақ тапса, ол шынайы жасалған болады.

Гете

* Білуді білетінге еріңіз, білуді білмегенге білдіріңіз, білместігін білетінге үйретіңіз, білмейтіндігін білмейтіннен қашыңыз.

Конфуций

* Әдебиет – ой мен пікір. Жан әлеміндегі тұңғиықтарға еніп, оны сөз өрнегімен бейнелейтін әрі өзгелерге де толқын әсерлерімен  жеткізу.

 У. Фолькнер

* Әдебиет – шын  мағынасында өлген, сөнген, қараланған, жаралы көңілдерге рух беру үшін, тек  ләззат үшін емес...

 Ф. Достоевский 

* Жетесіз жігіт – ел қадірін білмес, некесіз әйел – ер қадірін білмес.

Майқы би

* Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің.

Асан қайғы

Сурет: wallpaperskoe.com

Е. Жұмабайұлы