Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Алтын сағат оқиғасы

Алтын сағат оқиғасы

Алтын сағат оқиғасы

Жас ортасына келіп қалған кезі болса керек, жақын досы тоққа түсіп, өмірден өтіпті деген суық хабарды естіп, қимас досын соңғы сапарға шығарып салу үшін атамыз да сол жерге барған еді. Досын ағаш қорапқа салып, жер қойнына бермес бұрын, бір көріп қалғысы келген атам, тақтайдың бетін ашып қалғанда, досының қолындағы өте қымбат бағалы алтын сағатқа көзі түсіпті. Үйге келген соң, жерленген адамға алтын сағаттың еш пайдасы болмайтынын жақсы білетін атамыз бірден алтын сағатты қазып алуға шешім қабылдамасы бар ма? Түн ортасында досы жерленген жерге келіп, тілін кәлимаға келтіріп, көрді қаза бастайды. Бір кезде ағаш сандыққа да жетеді. Алтын сағатты көргенде, барлық қорқыныш сейіліп, жаймен ғана сағатты алып, қолын кейін қарай тарта бергенде, білегінен сарт етіп ұстай алған сұп-суық қолдан зәресі ұшады. "Қайда алып бара жатырсың?". Мұндайда ауызға сөз түсе ме, "не де болса дұғамды айтып, қашып құтылайын" деп ойлап үлгергенше, жаңағы тастай қол жағасына жармаса кетеді. Қанша уақыт өткені белгісіз, бір кезде тілге келген атамыз: "Сен өлген едің ғой",- дейді әрең.

"Мен бұл жерде қайдан жүрмін?". Екі дос бір-бірін сонда ғана танып, түсінісе бастайды.

Жер қойнына кеткен досының шын мәнінде өлмегенін, тек тоқ әсерінен есеңгіреп қалғынын енді түсінді. Алтын сағат иесін құтқарып, қайта өмір сыйлаған атамыздың қолына өтті.

Жолдаған: Қанатбек Үсенұлы

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: kiev.olx.com.ua

Қосылған күні: 02 маусым 2014, 09:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.