Қай жүректі таңдайсың?

Қай жүректі таңдайсың?

Бір адамға жүрек ауыстыру керек болды. Трансплантат алуға кезекке тұрды, күндердің бір күнінде оған бірден үш жүректің бірін таңдауды ұсынды: генералдың жүрегі, кәсіпкердің және банкирдің. 

Ол банкирдің жүрегін таңдағанда, одан өз таңдауын түсіндіріп беруін сұрады.

- О, бұл өзі қарапайым нәрсе, - деп жымиды ол. - Өз өмірінде оның жүректі ешуақытта пайдаланбағанына түбегейлі сенімдімін. 

Өз діні

Бір құдайшыл әйел жер бетіндегі барлық дін атаулыға разы емес-тұғын, сол себепті өз ілімін қалағысы келді.

Журналист оның көзқарасын сұрап білгісі келді:

- Жұмаққа тек сіз бен сіздің қызметші әйеліңіз Мэри түседі дегенге сізді сенімді дейді ғой ел-жұрт. Бұл рас па?

Әйел жауап беруге аз-маз ойланып қалып, сосын былай деді:

- Білесіз бе, мен Мэриге келгенде толыққанды сенімді емеспін. 

Ақындар мүшәйрасы

Махаббатқа арналған жыр кештерінің бірінде жүзге жуық ақынның басы қосылды. Махаббат әрдайым иесінің жүрек қылын шерте отырып, ең аялы, ең бір әдемі жолдарды дүниеге әкелері хақ. Тыңдармандарға жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Махаббат ақындардың қолымен өзі жыр жазғандай әсер қалдырды. 

Ақыры жан тербеткен, жүрекке жылылық ұялатқан өлеңдердің бірі ең үздік деп танылды.  Ақын сол өлеңі үшін алтын жүлдені иеленді.

- Мен бұл жүлдені анама алып барамын, мені ақын еткен анамның махаббаты, - деді қуаныштан көзіне жас алған жеңімпаз.

- Неге онда Анаға махаббат жайлы жыр жазбадың? - деп сұрады барлығы. 

- Ананың махаббатын жырмен жеткізу әсте мүмкін болмас, бірақ менің бүкіл жырларым сол кісіге арналған, - деді ақын. 

Аударған: Әкежан Дәкен

Сурет: magmens.com

Л. Лига