Хирургтың емтиханы

Хирургтың емтиханы

Веналық әйгілі хирургтардың бірі студенттерге хирургтың өне бойынан табылуы тиіс екі қасиетке тоқталып жатты: ол жиіркеншек болмауы тиіс және байқағыштық. 

Сөзін аяқтаған бойда, ол саусағын сасыған, күлімсі иіс шығып тұрған жүрек айнытарлық сұйықтықтың ішіне сұқты, сосын одан шығарып, ауыз қуысына апарып тақады да, сол жерден тазалап шығарды. Сосын ол әрбір студенттен осы көргендерін жасауға өтініш білдірді. Студенттер еш тайсалмастан, өздерінен өтінгенді жасады да.

Хирург күле қарады да, былай деді:

- Мырзалар мен ханымдар, сіздер бірінші емтиханнан өттіңіздер. Алайда, өкінішке орай, екінші емтиханнан сүріндіңіздер, әлде сіздер мен сорған саусақтың сұйықтыққа сұғылған саусақ емес екенін аңғармай қалдыңыздар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: anselleurope.com

Л. Лига