Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Стақанның әңгімесі (тәмсіл)

Стақанның әңгімесі (тәмсіл)

Стақанның әңгімесі (тәмсіл)

Стақан: «Мен қаңырап бос қалдым, маған су қажет, су құйыңыз!», – деді иесіне.

Иесі: «Жарайды, армандағаның су болса, құйып берейін, сосын зерігіп, құлазымайтын боласың, солай ма?»

Стақан: «Иә, солай».

Иесі стақанға қайнаған суды құйды. Су қатты ыстық болып, стақан өзін еріп кететін шығармын, махаббаттың ыстық жалыны деген осы шығар деп ойлады.

Су ақырындап жылымық тарта бастады, стақан рахаттанып, іштей міне бұл тұрмыстың ләззаты деп ойлады.

Су суи бастады, стақанда үрей пайда болды, өзінің неден қорқатынын да білмеді, ол іштей бұл айырылудың дәмі шығар деп ойлады.

Су мүлде суып қалды, стақан үмітін үзді, ол іштей бұл «ақырласу» деп аталады деп ойлады.

Стақан иесіне: «Ием, суды төгіп тастаңыз, маған керек емес!», – деді.

Иесі: "Жоқ", – деді. Стақан өзін бастырылып бара жатқандай сезінді, қорқынышты, мұздай суық су өз ішіне кіріп алып оны жегідей жеп барады.

Ол көп әрекет жасады, ақыры суды ішінен шығарып тынды, дәл осы сәтте ол қатты қуанды, бірақ қуанышы ұзаққа бармады, сол сәттің өзінде-ақ ол жерге құлап түсті.

Стақан күл-талқаны шығып сынды, өлім алдында ол өзінің барлық жерінде су іздерінің бар екенін, өзінің суды соншама сүйетінін түсінді. Бірақ, ол енді суды құшағына ала алмайтын еді.

Стақан жылады, оның көз жасы мен су бірігіп кетті, ол бар күшімен суды құшып, сүйгісі келді.

Иесі стақанның сынықтарын жинап жатты, кенет оның қолын әйнек сынығы кесіп кетті. Қан ақты.

Стақан тағы жылады: «Махаббат, сен сірә не нәрсесің? Сірә, сенің не екеніңді, құныңды қасіретті кешірмелерден кейін ғана түсінуге бола ма?», – деп.

Стақан жылап жатты: «Махаббат, сен қандай затсың? Бәрін қайтаруға кеш қалған сәтте ғана сені түсінуге мүмкіндік бола ма?», – деп.

P.S.

Достар, өз махаббатыңыздың, өз сүйген адамдарыңыздың қадірін біліңіздер, олардан қол үзбеңіздер.

 

Аударған: М. Әуелханұлы

Сурет: goodfon.ru

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 17 сәуір 2014, 10:28
Пікірлер
+0
17 сәуір 2014, 11:01

Ой салатын жазба екен

+0
17 сәуір 2014, 11:25

қызық мысал)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.