Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы

Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы

Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы

Ұлы адамдардың адамгершілік пен ізгі қасиеттер туралы айтқан нақыл сөздері:

Коммунистік адамгершіліктің негізі – коммунизмді нығайту және шыңына жеткізу жолындағы күрес.

В. И. Ленин

Ұлттың ең басты капиталы – халықтың адамгершілік қасиеті.

Н. Г. Чернышевский

Әкесінің баласы – адамның дұшпаны,

Адамның баласы – бауырың.

Абай

Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.

М. Әуезов

Адамгершілік адамзат қоғамының жоғары көтеріліп, еңбектің қаналудан құтылуына қызмет етеді.

В. И. Ленин

Өзің үшін ғана өмір сүру – озбырлық.

У. Шекспир

Адамгершілікке ұмтылмаған өмір ұйқымен өтеді.

Л. Н. Толстой

Мал үшін таласпа, ар үшін талас.

Ә. Науаи

Ұятың жоқ болса, ақылыңның көптігінен не қайран.

М. Горький

Жасырғаның жоғалады,

Бергенің оралады.

Ш. Руставели

Инабатты адам иттен де ұялады.

А. П. Чехов

Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы.

М. Сарьян

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.

Абай

Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Абай

Адамгершіліктерің жоғары болсын! Бұл – сендердің ең басты міндеттерің.

Ж.-Ж. Руссо

Жақсылық пен игілікке алыс-жақыны жоқ.

М. Әуезов

Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар, бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы.

М. Әуезов

Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған сайын, соғұрлым өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.

Б. Паскаль

Қайырымды адамдар құнарлы жер іспеттес, алғанын сан есе етіп қайтарып береді.

Коцебу

...ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала  аламаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір  тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?

Абай

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

М. Әуезов

Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет.

М. Әуезов

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

М. Әуезов

Мініп көріп безгенше, мініп алып түзе.

Ғ. Мұстафин

Басқа адамның бағын ашқан кісінің өзі бейшара болуы мүмкін емес.

К. Гельвиций

Әр адамның құдайы – оның ары.

Менандр

Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы.

Б. Момышұлы

Егер екі адам шын жауласса, екеуі де кінәлі деп біл.

Л. Н. Толстой

Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый.

М. Әуезов

Арыңа симағаннан аулақ бол.

Л. Н. Толстой

Таяқ жеген адамнан да ары аяқ асты болған адамның түріне қарау аянышты.

Ю. Фучик

Жақсы бұзылмасын де, ал бұзыла қалса, жасықтың жасығы боп шығады.

Аристотель

Еккенің тіккен болса, орғаның балауса болмас.

М. Әуезов

Біреуге зәредей кесір келтіргенше, өзіңнің қалың сорға батқаның абзал.

Бон

Жақсылық – еліктеушіден гөрі табынушысын көбірек табады.

П. Буаст

Арам да, адал да айналып келгенде әрқайсысы өз сыйын алады.

И. Гете

Өзі азғын өзгені де азғын көрер.

И. Гете

Адалдықтың белгісі:

Арамдыққа құл болма, адал болсаң,

Әлсіздерді қинама, адам болсаң.

Н. Хисрау

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 25 наурыз 2014, 10:54
Пікірлер
+0
25 наурыз 2014, 22:41

Адамгершілік адамзат қоғамының жоғары көтеріліп, еңбектің қаналудан құтылуына қызмет етеді.

+0
29 наурыз 2014, 00:59

"Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді" естен шығаруға болмайтын сөз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.