Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Кісі болу - күрескер болу

Кісі болу - күрескер болу

Кісі болу - күрескер болу

Ғалым болудан адам болу қиын дегендей, бұл атқа лайық болу оңай іс емес. Сондықтан ұлылардың адамдық туралы айтқан сөздерін оқып, өзіміздің керегімізге жаратайық:

Адам – барлық нәрсенің өлшемі.

Протогор

Адам деген – ардақты ат!

М. Горький

Жер бетінде адамнан артық еш нәрсе жоқ екеніне кәміл сенемін. Мен әрқашан адамға тағзым етіп келдім, тағзым ете беремін де. Мен өзім адамнан қастерлі болатын ешқандай кереметті кітап дүниесінен білген емеспін. Адам деген бүкіл әлем ғой, бір өзіне бүкіл әлемді сыйғызып тұрған адам мәңгі жасай берсін! Өмірдің небір қиын-қыспақ, небір ауыр минуттарында менің жүрегім: «Жасай бер!» - деген гимнді шырқаудан танған емес. Жер үстінде Адам атанудан артық міндет жоқ.

Ресей ақылды және адал адамдарға зәру, осындай болуға ұмтыл, сонда ғана сен өз тағдырыңның қожасы, қоғамның лайықты мүшесі бола аласың.

М. Горький

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын...

Абай

Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек.

А. П. Чехов


Адамның қолынан келмейтін еш нәрсе жоқ.

Гораций

Табиғатта не керемет күштер бар ғой, десек те, соның бәрі адамзаттан күшті емес деп есепте.

Софокл

Адам дегеніміз – күн, ал сезімі – оның планеталары.

Чювалис

Адам ерекше болып тумайды, ол өзін-өзі ісімен ерекше етеді.

Ф. Петрарка

Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: біреулері нені айтуға, нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып, істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады.

Л. Н. Толстой

Адам жақсыны арман етсе, өмірде бәрі де жақсы болмақ.

М. Горький

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай

Сүйегі жоқ балықтың болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды.

Лютер

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Абай

Адамның ісі қандай болса, іші де сондай.

Г. Гегель

Кісі болу дегеніміз – күрескер болу деген сөз.

И. Гете


Жасыңдағы мініңді қартайғанша сүйретіп қайтесің, кәріліктің күйбеңі әлі-ақ алдыңнан шығады.

И. Гете

Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді.

К. Гельвиций

Адам бақытсызбын деп сарнай берсе, шынымен-ақ бақытсыз болады.

Г. Гельвиций

Еш нәрсе талап етпеген адам еш нәрсе бермейді де.

Гилле

Мен армандағыш, ізденгіш, жаны тыным таппайтын кісілерді ұнатамын. Ал дегеніне жетісімен тоқтай қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ.

М. Горький


Құдіретті ер қиналса да қыңқ етпейді, әлсіз адам қиналмай жатып безектейді.

Ф. Ларошфуко

Адам бойындағы өнер атаулы - төзім мен уақыттың қосындысынан өзге ештеңе де емес.

О. Бальзак

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық.

Абай

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

Егерде аузынан қара қан ағызса, - домбыт, мақтаншақ, қорқақ болғаны.

Абай

Адамдар қолынан іс келетіндер және қолынан іс келмейтіндер болып қана екі категорияға бөлінеді.

Бернард Шоу


Не ақылы, не күш-қайраты жоқ адам ғана нағыз сорлы.

Бенцел-Штернау

Орайы келгенде өжет бола алмаған кісіні ақылды жан деу орынсыз.

Бигер

Кішкентай адамдарға ұнағың келсе, өзің де кішкентай бол.

Л. Берне

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты әрі тамаша адам деуге болады.

Леонардо да Винчи

Көңілі кіршіксіз жан кісіні күндемейді.

М. Горький

Өз үйін ұнатпаған адам өзі өскен жұртын ұнатпайды, ал өзі өскен жұртын ұнатпаған адам өз елін, өз халқын сүйіп жарытпайды, ал онсыз адамзатқа деген сүйіспеншіліктің болуы да мүмкін емес.

М. Ганди

О, тоба! Адамның үнсіз ойлай білетіні қандай дұрыс болған. Егер ой естіліп тұрар болса, мынау жалпақ әлемде санаулы-ақ достар қалған болар еді-ау!

Г. Лихтенберг

Аң мінезді адам – аңнан да жаман.

Р. Тагор

Адамзат тірлігі – жақсы-жаман жіптен аралас тоқылған мата.

В. Шекспир

Ғалым болудан адам болу қиынырақ.

Э. Капиев

Рухы ұқсастардың бәрі – туыстар. Жамандықты иттің етіндей жек көретін адам ғана жақсылықты жанындай жақсы көреді.

Ф. Шиллер

Өзі жөнінде еш нәрсе айтпайтын, ал айта қалса, еш нәрсені жасырмай ақтарылатын кісіге жұрт сенбейді.

Ф. Честерфило

Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз.

С. Мұқанов

Шыдамды, сабырлы адам – бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді, білімге құштар адам – іздегенін табады.

В. Ян

Қанша даңқы болса да, қанша білікті болса да, табиғаты түзу жан еш уақытта – жас шағында да, жасамыс шағында да – кеудесін көтермейді.

М. А. Шолохов

Ең қиын іс – өзіңді өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту.

Фалес


Адамда нағыз адам болудан басқа мақсат болуы мүмкін емес.

Л. Шефер

Өнерсіздің қылығы –

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай, Қорлықпенен шіруге;

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып, ол таба алмай жүруге...

Абай

Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.

Абай

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйгі алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Абай

Сынаспай, сырласпа.

Б. Момышұлы


Аз сөйлер де, көп тыңдар

Хас асылдың баласы.

Махамбет

Пиғылдың түзелуінен бұзылуы оңай.

Л. Вовенарг

Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуы тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.

К. Г. Паустовский

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: createpics.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 27 ақпан 2014, 11:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.