Сабырлылықтан ақыл туады

Сабырлылықтан ақыл туады

Мұражайға ұры түседі. 10 түрлі бағалы зат жоғалады. Ең қуанарлығы ең бағалы сақина жоғалмаған екен. Сақшы талай рет келіп тексерсе де еш дерек таба алмайды. Дәл осы кезде сабырлы да, салмақты қалпын бұзбаған мұражай басқарушысы телевизияға сұқбат беруге сұранады.

Тележүргізуші мұражай басқарушысынан: «Осы жолы бағалы заттарыңыздан қаншасы ұрланды?», - деп сұрады.

Басқарушы оған: «Жалпы 11 түрлі бұйым жоғалды», - деп жауап берді.

Жүргізуші: «Бұл заттардың бәрі де бағалы заттар ма?», - деді.

Басқарушы: «Солай, барлығы өте бағалы, әсіресе бір сақинаның бағасы өте жоғары еді», - деді.

Арада көп уақыт өтпей ішкі істер қызметкерлері тексеру арқылы дерекке ие болды. Осы арқылы қылмыстық топты сәтті қолға түсірді. Ақпараттың келу қайнары өте қарапайым екен. Бірнеше қарақшы өзара төбелесте сақшыларға ұсталыпты. Олардың төбелесінің себебі, бір-бірінен сезіктеніп, кімнің сақинаны жасырып қалғаны жайлы болып шығады.

Келесі бір оқиға алпауыт саудагердің басында болған екен. Ол өзі өмір сүріп жатқан қоғамға сенімсіздікпен қарайды екен, көңілі алаңдаулы саудагер барлық мал-мүлкін алтын-күміске айырбастапты. Бағалы қағаздан қолшатыр жасап, алтын-күмісін өте еппен қол шатырдың ішіне жасырыпты. Сосын өзін қарапайым адам етіп көрсетіп, қолшатырын алып, алыстағы ауылына жүруге дайындалыпты. Жолда оқыс жағдай туылыпты. Ұйқыдан оянса қолшатыры жоқ болып шығады. Саудагер талайды көрген тәжірибелі адам екен, ешкімге сыр білдірместен айналасын мұқият күзетіпті, өзінің алып жүрген басқа заттарының барлығының қаз-қалпында тұрғанын көріп, қолшатырды алған адамның кәсіби қарақшы емес екенін ойына түйіпті. Бәлкім бірер жолаушы жолдан өткенде өз керегіне пайдалану үшін алып кеткен болар деген ойға келіп, бұл адам осы маңда деп жорамалдайды.

Саудагер осы жерде тұрақтап тұрып қалады. Ол қолшатыр жөндейтін керек-жарақ сатып алып, қолшатыр жөндеу саудасын бастап кетеді. Арада екі жыл өте шығады. Ол қолшатырдың келуін күтпейді, бірақ саудагер қолшатыр жөндеу барысында кейбір адамдардың қолшатыры бұзыла қалса жаңасын алуға ұмтылатынын байқайды. Сонымен саудагер саудасын өзгертіп, көне қолшатырды жаңасына алмастыратын ашады. Арада талайлаған адамдар оған келіп қолшатыр алмастырады.

Көп өтпей орта жастардағы адам қолтығынан қысқан көне майлы қағаздан жасалған қолшатырды алып келеді. Саудагер бір көріп-ақ өзінің ұйықтаса түсінен шықпайтын әлгі қолшатыры екенін жазбай таниды. Қолшатыр өз қалпын бұзбаған екен. Саудагер еш сыр білдірместен әлгі адамға жаңасын алмастырып береді де, ол кеткен соң артына бұрылып үйіне кіреді. Керек-жарағын жинастырып, сол қалпы бірден көшіп кетеді.

Сабырлылықтан ақыл туады, мұражай басқарушысың айтқан айласы мен саудагердің сыр білдірмеуі де сабырлылықтан туған ақыл. Тосыннан тап болған оқиғалар алдында мұражай басқарушысы мен саудагердің сабырлылықпен қасқайып тұрып ойлағанына жетуі осыны аңғартады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: univs.cn 

M. Auelkhan