Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Үш ұры

Үш ұры

Диқан есегі мен ешкісін базарға апарып сатпақшы болыпты. Екеуін екі қолына жетелеп жолда келе жатса, жол шетінде үш адам тұр екен. Бұлар осы жолды торыған кәнігі ұрылар екен. Бірінші ұры: «Мен мына сорлының ешкісін ұрлап кетемін», - дейді. Екіншісі: «Мен оның қолындағы есегін ұрлап кете аламын», - депті. Үшінші ұры: «Бұлардың бәрі қиын емес, мен оның үстіндегі киімін де ұрлап кете аламын», - депті.

Бірінші ұры бір басып, екі басып барып ешкінің мойнындағы қоңырауын шешіп алып, есектің құйрығына байлапты да, ешкіні жетектеп жапан далаға қарай кете беріпті.

Әлгі диқан бір бұрылысқа келіп артына қараса, ешкісі жоқ, сонымен ешкісін іздей бастайды. Осы кезде, екінші ұры келіп диқаннан не іздеп жүргенін сұрайды.

Диқан ешкісін ұры алып кеткенін айтады. Ұры оған: «Мен сенің ешкіңді көрдім, жаңа ғана біреу ешкіні жетелеп орманға кіріп кетті», - дейді.

Әлгі диқан есекті ұрыға қарай тұруға тапсырады да, өзі ешкіні іздеуге кетеді. Сонымен екінші ұры да есекті жетелеп, қалаған жағына кете береді.

Диқан орманды аралап, ешкісін таба алмай қайтып келсе есегі жоқ болып шығады. Осылайша ол жылай жүріп күре жолмен алға тартады.

Кенет диқан жолдың бойындағы көлшіктің жағасында біреудің жылап отырғанын көреді де, одан не болғанын сұрайды. Әлгі адам: «Маған біреу бір дорба алтынды арқалап қалаға кіруді тапсырған еді, бірақ мен осы көлшіктің бойына келіп демалып отырып ұйықтап кетіппін. Түсімде әлгі бір дорба алтынды суға тастап жіберіппін. Ояна келсем шынымен де алтын суға батып кетіпті», - дейді.

Диқан одан: «Не үшін суға түсіп оны алып шықпайсың?» деп сұрайды.

Әлгі адам: «Мен судан қорқамын, жүзу білмеймін, егер кімде-кім сол бір дорба алтынды судан алып шықса, соған жиырма жармақ алтын беремін», - дейді.

Диқан іштей қуанып: «Жаратушы малымның ұрланғанын көріп, бағымды жандырғалы тұр екен», - деп ойлайды.

Сонымен диқан киімін шешіп суға секіріп түседі. Судан алтын түгілі, темірдің сынығын да таба алмапты. Жағаға шығып киімінің де ұрланғанын көріп, басын шеңбектей құлай кеткен екен.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: usiter.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 17 ақпан 2014, 15:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.