Басқаны даттап, өзіңді мақтап тұрған адамға сенбе...

Басқаны даттап, өзіңді мақтап тұрған адамға сенбе...

Қанша жерден өзімізді адалмыз десек те, өтірік айтып, екіжүзділік танытатын сәттеріміз болады. Ол екіжүзділіктің себебі де әртүрлі. Өздеріңізге ақын-жазушыларымыздың екіжүзділік, жарамсақтық, көлгірсу туралы айтқан сүбелі ойларын ұсынуды жөн көрдік.

- Сізді өте-мөте жиіркендіретін кемшілік не? – деп, Маркстен сұрағанда, ол:

- Жарамсақтық,- деп жауап беріпті.

К. Маркс

Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол.

В. А. Сухомлинский

Адам, қылық, құбылыс, оқиға жайында не ойласаң, соны айт. Біреудің сенен қандай сөздер күтетінін ойлап табуға ешқашан талпынба. Бұл талпыныс сенен екіжүзді, жағымсыз және ақырында – оңбаған адам шығаруы мүмкін.

В. А. Сухомлинский

Пасық адам өте-мөте шебер көлгірсиді.

О. Бальзак

Залымға қол ұшын берген адам опық жейді.

Федр

Екіжүзділік – қиын кәсіп емес, кез келген оңбаған оған оңтайлы, бірақ тек ізгі жүректер ғана ашық, шыншылдықпен шын жүректен айта алады және айтуға батылы барады.

Ш. Петфи

Құйрығы – шаян, беті – адам

Байқамай сенбе құрбыға.

Жылмыңы сыртта, іші – арам

Кез келер қайда сорлыға.

Абай

Жағымпаздыққа үйір кісі жан біткенді жек көреді.

Фергюсон

Есерлердің ішінде екіжүзділер деп аталатын бір топ бар, олар өзін және өзгелерді, бірақ көбінесе өздеріне қарағанда өзгелерді алдауға үздіксіз үйренеді, ал шын мәнісінде басқаларға қарағанда көбінесе өздерін-өздері алдайды.

Леонардо да Винчи

Екіжүзді адамдар басқалардан гөрі көбінесе өздері ақымақ болып қалады.

У. Гэзлитт

Адам мақсатына аярлықпен жете алмайды.

К. Маркс

Сенің кемістіктерің мен кемшіліктеріңді көре тұрып, оларды ақтайтын немесе тіпті құптайтын адамдардан без. Ондай адамдар – не жарамсақтар немесе сужүректер, немесе кәдуілгі ақымақтар. Олардан жаманшылыққа немесе бақытсыздыққа душар болғанда ешқандай көмек күтуші болма.

Г. С. Сковорода

Басқаны даттап, өзіңді мақтап тұрған адамға ешқашан сенбе.

Л. Н. Толстой

Көкек әтешті өзін мақтағаны үшін мақтайды.

И. А. Крылов

Бағыныштылық кейпімен үстемдік ету үшін жарамсақтанады.

Н. Г. Чернышевский

Жағымпаздың тілінен – бал, ділінен зәр тамады.

М. Ю. Лермонтов

Жарамсақтар – жаудың ең жаманы.

Тацит

Арамза жарамсақ пен екіжүздіге қарағанда ашық жаудың өзі артық: ондайлар адам баласының сыйқын бұзады.

І Петр

Жарамсақтықпен ақымақтарды аулайды.

М. Андерсен - Нексе

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lori.ru

Қ. Бүйенбай