Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа

Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа

Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа

Біраз жыл бұрын, Сиэтл Олимпиадасында, 100 метр жүгіру алаңында 9 бала жүгіруге әзірленді. Олардың бәрі дене бітімі жағынан яки ментальдық деңгейде мүгедектер болатын...

Жүгіруге рұқсат етілген оқ атылып, жарыс басталды. Барлығы шама-шарқына қарай жүгіре жөнелді, олардың бәрінің де жеңгісі келді.

Балалар меженің үштен біріне жеткенде бір бала сүрініп кетіп, үш аунап түсті де, жатып қалды. Ол жылай бастады. 

Басқа сегіз жарысушы оның жылағанын естіді. 

Олар жүгірулерін бәсеңдетті де, арттарына қарады. 

Сосын тоқтап, артқа қайтты. Барлығы да...

Даун синдромымен ауыратын, жарысқа қатусушы бір қыз баланың жанына отырып, оны құшақтады да: "Жақсара бастадың ба?" - деп сұрады. 

Сосын барлық тоғыз бала иықтасып, мәреге қарай бірге адымдай бастады.

Барлық көрермен орындарынан тұрып, қол соға жөнелді. Қол шапалақтау толастамай қойды...

Мұны көргендер осы күнге дейін сол оқиға жөнінде айтып жүр.

Неге?

Өйткені: "Өмірдегі ең маңызды нәрсе – өзің үшін жеңіске жету үшін емес" деген қағида біздің жүрегіміздің ең терең түкпірінде жатыр, оны біз осындайда сеземіз.

* * *

Бұл өмірдегі ең негізгі нәрсе – өзгелердің жеңіске жетуіне жәрдемдесу. Ол үшін өз жеңісіңді қиюға немесе бәсекені бәсеңдетуге тура келсе де... 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: salom.com.tr 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2013, 19:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.