Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Көңілдестің иіссуы

Көңілдестің иіссуы

Көңілдестің иіссуы

Онымен көңілдес болғанына бірталай уақыт болды. Бір күні көңілдесі оған: «Әйелің екеуміздің ісімізден сезіктенген жоқ па?», - деп сұрады.

Ол басын шайқап: «Жоқ» деді.

Көңілдесі: «Бір амалын тауып, сенің әйеліңе екеуміздің байланысымызды білдіруіміз керек. Оның позициясын байқап, келесі қадамды қалай басуды содан соң белгілейік» деді.

«Қалай білдіреміз? Ашық айтамыз ба?»

«Әрине, ашық айтуға болмайды, амалын өзім табамын» деді аяр көңілдес.

Осыған келісіп, ол жуынуға дайындалды. Көңілдесі үнемі хош иісті әтір шашып жүретін. Әу баста оның сезімін баураған осы әйелдің хош иісті әтірі болатын. Екеуі бірге болғанда бұл иіс оған сіңіп қалушы еді, сондықтан әр жолы үйіне қайтарда ол жуынып алып жүретін де, өз әйелін бұл иістен сезіктенуінен сақтанатын. Бірақ осы жолы жуынбақшы еді, көңілдесі оны тоқтатып: «Үйіңе дәл осы күйі қайт, әйелің бұл иісті сезсін, оның қандай күйде болатынын байқайық» деді.

Ол көңілдесінің айтқаны бойынша жуынбай-ақ үйіне қайтты. Үйіне келген соң, оның әйелі жайшылықтағыдай бейнеде күйеуінің өн-бойында еш өзгеріс болмағандай бейне танытты.

Ол көңілдесімен тағы кездесуге барғанда, көңілдесі одан: «Әйелің әтір исін сезді ме?» деп сұрады.

Ол: «Жоқ» деп жауап қайырды.

Көңілдесі: «Қалайша сезбеді, мүмкін емес қой?!» деді аңтарылып. Бұл жолы жүрерде көңілдесі оны жуынудан тоқтатып қана қоймай, оның үстіне өзінің иіссуын сеуіп жіберді. Оған: «Өн-бойыңнан менің әтірімнің иісі аңқып тұр, қайтқаныңда әйелің сөзсіз сезетін болады» деді. Ол да осылай ойлаған еді. Бірақ іс мүлде керісінше болды. Үйіне келгенде әйелі күндегісіндей-ақ ешқандай бөгде мінез байқатпады. Мұндағы мақсаты да әйеліне денесіндегі әтір исін сездіру болатын. Әйелі сонда да жайшылықтағы секілді ешбір оғаш сыңай танытпай: «Шаршаған шығарсың, жуынып-шайын да ертерек демал» деді.

Көңілдесімен кездескен шақта: «Бұл жолы әйелің бәрін сезген шығар» деді масаттана.

Ол тағы да: «Жоқ» деп жауап берді.

Көңілдесі мұның байыбына бара алмай: «Бұл мүмкін емес, денеңдегі әтір исі сондай күшті тұрса, әйелің мұнан сезіктенбесі қалай?» деп таң қалды.

Осы жолы көңілдесі оған әтір шашумен бірге телефонының қоңырау дыбысын: «Сиқырлы әтір исі» деген әнге ауыстырды. Оған тапсырды: «Үйіңе барғанда бұл әнді әйеліңе тыңдат. Бұл денеңдегі басқа әйелдің әтір исі барлығын түсіндіреді, сонда әйелің қандай күй-бейне танытар екен?» деді.

Үйіне қайтып келген соң ол әйеліне қалтафонындағы «Сиқырлы әтір исі» әнін тыңдатты. Әйелі бұл жолы шынымен тосын мінез көрсетті.

Ол: «Не үшін маған ән тыңдатуды ойға алдың?» деп сұрады күйеуінен.

«Бұл тамаша ән екен, сені тыңдасын дегенім ғой» деді күйеуі.

Әйелі төмен қарап әнді аз-кем уақыт тыңдап отырды да, дереу қайта үн қатты: «Мен мұндай әндерді ұнатпаймын!»

Күйеуі тіксіне қалды. Әйеліне қайтара сұрақ қойды: «Ендеше қандай әнді ұнатасың?»

Әйелі: «Шын ғашықтар» деген әнді ұнатамын» деді.

Күйеуі дағдарып тұрды да үн-түнсіз қолфон қоңырау дауысын «Шын ғашықтар» әніне қойды. Бұл әнді екеуі үйленгенде әйелі көшіріп берген болатын.

Көңілдесімен тағы жолықты.

«Әнді әйеліңе тыңдаттың ба?» деп сұрады ол.

Ер адам басын изеді: «Тыңдады».

«Әйелің қандай бейне көрсетті?»

«Әйелім ол ән реніш пен мұңға толы екен, ұнатпаймын деп, өзінің «Шын ғашықтар» деген әнді ұнататынын айтты.

Көңілдесі одан әрі қарай ештеңе сұраған жоқ. Алдымен өзі кетті. Үйден шыға хабарлама жазып жіберді: «Айырылысайық!» деген.

Ол жауап жазды: «Не үшін?» деп.

Көңілдесі былай деп жауап хат жазды: «Сенің әйеліңнің төзімі мен сезімімен салыстырғанда мен түкке де тұрғысыз екенмін».

Осыдан кейін ол көңілдесін қайта іздеген жоқ. Қайтып басқа әйел затына көз қырын да салмайтын болды.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.kz

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 03 желтоқсан 2013, 19:05
Пікірлер
+0
03 желтоқсан 2013, 19:11

:arrow:

+0
03 желтоқсан 2013, 20:58

Әйелі дана екен ;)

+0
03 желтоқсан 2013, 23:41

Қызық...

+0
04 желтоқсан 2013, 10:41

Дана әйелдерді құртатын көңілдес, дегенмен ана жігітке жыным кеп отыр

+0
04 желтоқсан 2013, 11:39

Біздің қазаққа жат, тексіз, дінсіз кәпірлердің арасында болатын қылмыс. Бұндайларды шариғатта "КӘПІР" деп атайды.

+0
04 желтоқсан 2013, 12:00

Әйелдің қыры жаны бар деген ғой, төзімі мықты екен...

+0
04 желтоқсан 2013, 13:57

Дана дейiн десем, өз күйеуiнiң «жайын» бiле тұра үнсiз жүргенi дұрыс емес сияқты... Ешнәрсе болмағандай...

+0
04 желтоқсан 2013, 14:03

Кімнің әйелі мынау? Мынандай әйелге үйлену керек қой) :D

+0
04 желтоқсан 2013, 18:09

Зинақорлар, яғни көңілдестер Аллаһтың қаһарына ұшырап, қатты азап шегеді. Жастарымыз мұны білгені дұрыс!!!

+0
04 желтоқсан 2013, 20:20

Бишара әйел. Барар жері, басар тауы жоқ шығар. Амалсыз включила дурочку. Ата-анасы осындай малға жар болсын деп өсіріп, тәрбиелемегн шығар. Өзінің тұлға екенін қалай ұқпайды.
ҚҰдайдан қорықпағаннан қорық дейді қазақтар...

+0
05 желтоқсан 2013, 00:34

Қазақтар, баланы не үшін, кім үшін туатындарыңды анықтап алыңдар алдын-ала және бағыт бағдар көрсетіп отырған дұрыс, тек ақшаға ғана ұмтыла бермей. алтын көрсе періште жолдан таяды дегенді кім шығарған?!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.