Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Құламас үй жайлы аңыз

Құламас үй жайлы аңыз

Құламас үй жайлы аңыз

Ерте заманнан да ерте заманда дүниенің алыс бір түкпірінде кішкентай бір арал болған екен. Ол шығыста емес, батыста екен. Бұл аралда үш ағайынды адам өмір сүріпті. Аралдағы адамдардың барлығы тау үңгірлерінде өмір сүреді екен. Бірақ бұл үш ағайынды өмір сүрудің бұл формасынан қатты жалығып жүріпті.

«Біз не үшін үңгірде тұрамыз?» деп сұрапты ең үлкені шешелерінен.

«Бұл жер сілкіндірушінің болғандығынан, біз үй салып отырсақ, ол келіп, үйлерімізді құлатып кетеді» деп жауап беріпті анасы.

«Егер біз зілзала пірі құлата алмайтын үй салып алсақ ше?» деп сұрапты ол тағы.

«Ондай үй салуды біз білмейміз ғой...» деп кейіпті анасы.

«Біз үй салып көрейік» депті ұлдарының ең кішісі.

Сонымен ағалы-інілі үшеуі үй салуға аттаныпты. Бірақ олар үйді қалай салу жөнінде өзара бір пікірге келе алмапты. Сөзге келе алмаған олар ақыры тау баурайынан жеке-жеке үй тұрғызуға бел байлап, үшеуі үш сайға бет бұрыпты. Үлкен ағалары үлкен тастарды лаймен толтырып үй сала бастапты. Ол ішінен: «Менің үйім ең мықты, зілзала пірі бұл үйді мүлде құлата алмайды» деп ойлапты.

Ортаншысы қалың орманнан діңі үлкен ағаштарды сүйреп әкеліп, үйін қалай бастапты. Ол ішінен: «Менің үйім ағаштан да биік болады, оны жер сілкіндіруші мүлде құлата алмайды» деп ойлайды.

Ал ұлдардың ең кішісі өзен жағасынан бамбук ағашын жинап әкеліп, оны бір-біріне киістіріп тоқып, ортасына шөп-шалаң салып, үйін тұрғызыпты. Менің үйім жайқалған шөп сияқты мықты болады деп ойлайды ол ішінен.

Күндердің бірінде ұйқыдағы зілзала пірі оянып, тау басынан түсіпті. Баурайдағы үйлерді көрген ол қатты ашуланып, қаһарына мініп, таспен тұрғызылған үйдің қасына келіп, жерді теуіп-теуіп жіберіп, сілкіне жөнеледі. Тастан қаланған үй әп-сәтте жермен-жексен болады. Үлкен ағасы қашып, орташы інісінің үйіне келеді. Жер сілкіндіруші оларды қуа келіп, жер теуіп, сілкіндіре бастап еді, үйдің ағаштары опырылып, үй көзді ашып-жұмғанша құлап тынады.

Ағалы-інілі екеуі жан сауғалап кіші інілерінің үйіне келеді. Зілзала пірі бұларды жеңгенінен масаттанып, бамбук үйдің қасына келіп, жерді тағы сілкіндіруге кіріседі. Бірақ оның бұл әрекетінен өнім болмайды. Жерді жатып та, тұрып та сілкіндіріп көрді. Кіші інілерінің үйінің құламағанына екі ағасы қайран қалады. Жеңілген сілкіндіруші адамдардан ұялып, әлемнің екінші шетіне қашып кетіпті.

Ағалары бауырынан: «Екі ағаңның үйі сілкініске шыдамай құлап қалды, сенің үйің не үшін құлаған жоқ?» деп сұрайды.

«Сендер үйлеріңді зілзала пірінен мықты етіп тұрғызғыларың келді. Мен үйімді жер сілкіндірушіден әлсіз етіп тұрғыздым. Бұл істің құпиясы осында» депті.

P.S.

Жеңіске жету үшін үнемі күшті болудың, алдыңғы қатарда болудың қажеті шамалы. Тек айналаңызды мұқият бақылап, өз орайын табу керек.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: fonwall.ru

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 қараша 2013, 11:30
Пікірлер
+0
28 қараша 2013, 12:07

ағалары аптемист екен :mrgreen:

+0
28 қараша 2013, 15:56

Рас! Мен де сөйтер ем )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.