Тәмсіл: аптаның қай күні...

Тәмсіл: аптаның қай күні...

Бірде шәкірт Ұстазынан сұрады:

- Ұстаз, сатып алушыға ұсыныспен тіл қатуға ыңғайлы, оңтайлы һәм қолайлы күн бар ма? 

- Күн? - таңырқады Ұстаз.

- Бұл аптаның бір күні немесе айдың бір күнтізбесі дегендей...

- А-а-а, аптаның күні... - деп Ұстаз басын қозғады. - Иә, әрине. Бұл күн - сейсенбі, - деді де шәкірттеріне қулықпен көз тастады. Қалғандары жалма-жан дәптерлеріне ұмтылып, Ұстаз айтқандарды жазып алып жатты.

- Ал сен неге жазбай отырсың?  - деді ол, өзіне қарама-қарсы отырған, езуінде жымиыс бар шәкіртіне қарап.

- Өйткені, Ұстаз мен сіздің ендігі не айтатыныңызды білемін.

- Не екен ол? - деп Ұстаз маңғаздана қолын көтерді, сол сәтте бүкіл оқушылар кенет тына қалды. Шәкірті былай деп жауап қатты:

- Сонымен бірге сәрсенбі, жұма, сенбі, дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі.

Шәкірттер өз қатарласының дұрыс жауап бергеніне қуанып, шуласып кетті. Аралықта бірі тұрып тағы сұрақ қойды:

- Ұстаз, рет тәртібі осылай жалғасуы тиіс пе?

Ұстазы манағы дұрыс жауапқа бір табан жақындаған шәкіртіне ұзақ қарап тұрды да:

- Жауабы! - деді.

- Бір ғана күн, - деді әлгі шәкірт, - Ол күн - бүгін. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: nashasvadba.net 

Л. Лига