Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Жылқының сағымы

Жылқының сағымы

Жылқының сағымы

Дүкен қожайыны Меб Рабиды іздеп келіп шағына бастады:

– Раби, мен құрыдым, дүкенімнің қарсы жағында нендей іс туылғанын білесің бе? Біреу келіп дүкен ашып алыпты, енді менің саудамды тартып алатын болды. Күн көрісім тығырыққа тірелді!-деді.

Раби ес-ақылы шыққан жігітке:

– Отырсаңшы, анда-санда атыңды жетектеп барып көлшіктен суарып жүрсің бе?–деді.

– Иә, Раби, бірақ...

– Аттың көлшіктің ортасында тұрып су ішетінін байқайсың ба?-деді Раби жігітке.

– Байқап жүрмін ғой.

– Жарайды, онда аттың не үшін аяғымен көлшікті тарпып су ішетінін мен саған айтайын. Раби орындықтан алдыға қарай ұмсынып отырды.

– Ат судан өзінің сағымын көреді. Бірақ, ол жануар судағы сағымының өзі екенін мүлде білмейді, тағы бір ат келіп су ішкелі тұр екен деп ойлайды, сонымен суға қанбай қаламын ба деп аяғымен тарпып, өзге жылқыны қуып жібермек болады.

Раби аз-кем тыныстай қалды.

– Бірақ көлшіктің суы мол, қанша жылқы келіп ішсе де жетеді ғой.

Раби арқасын орындыққа тірей шалқалап, жымиып қойды. Дүкен қожайыны да Рабиға қарап күлді. Бұл оның бүгінгі тұңғыш күлкісі еді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: 5tu.cn

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 15 қараша 2013, 11:33
Пікірлер
+0
15 қараша 2013, 11:46

ақымақтық қана екен ғой біздікі...

+0
15 қараша 2013, 13:14

шынымен де қаншама тақырыптық сайт ашылса да халық көп, қалағанын оқиды ))))

+0
15 қараша 2013, 15:14

Қысқа ғана шығарманың астарында үлкен мән, мағына жатыр...Бастысы өзгеге сапалы дүние ұсына білу...

+0
20 қараша 2013, 02:16

ех,құдіретіңнен айналайын,қара сөз...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.