Қадыр ақынның адамдық жайлы айтқандары

Қадыр ақынның адамдық жайлы айтқандары

Сайтымызда осыған дейін қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлидің әйел және махаббат жайлы айтқандарын жарияланған болатынбыз. Ақын өлеңінің әр жолы қанатты сөзге айналып кеткелі қашан?! Бүгін сіздерге ақын өлеңдеріндегі адамдық жайында айтқан бір топ "үкілі үзінділерін" ұсынамыз:

1. Адам болу дегенің –
Ие болу өзіңе!

2. Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.

3. Адамдар жаралғалы жер бетінде,
Бір майдан жүріп жатыр адам үшін.

4. Адамдар шіркін, адам ғой,
Оянғанша ғана сайтаны!

5. Адамдарды Өмірдің өзі өлтіріп,
Құжатына Өлім деп қол қояды.

6. Адам дейміз!
Адамның
Пенде емес пе бір аты?!

7. Адам жылап туады,
 Жатады жұрт жұбатып.
Және жылап өледі,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда –
Жамандар бар қимайтын.
Жылайтыны өлерде –
Жақсылар бар қимайтын.

8. Адам өлер,
Адамдық
Өлмесе тек болғаны!

9. Адам боп туу – анадан,
Айуан боп кету – өзіңнен!

10. Періште мен сайтаннан
Адам пайда болыпты.

11. Ошақтың оты сөнсе – қазан қараң,
Адамның оты сөнсе – қараң бәрі.

12. Адамдардың тілеуін
Тілеу керек адамдар!

13. Адамдарды тани білу – ұлы өнер,
Иттерді де ажырата білген жөн!

14. Адам болсам дегендер емес,
                                              Бәрін,
Құдай болам дегендер бүлдіреді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады