Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Өлі парасат және тірі парасат

Өлі парасат және тірі парасат

Өлі парасат және тірі парасат

Еурей жұртында кеңінен тараған мынадай бір қызықты әңгіме бар.

Бір күні Кан әмбебап тауарлар дүкенінің алдына келіп, дүкен ішіндегі көздің жауын алатын заттарға қарап тұр еді, қасына қымбат шылымын тұтатқан бір салауатты кісі жетіп келеді. Кан әлгі кісіге ілтипатпен: «Темекіңіздің иісі мұрын жарады екен. Бағасы қанша тұрады?» деп сұрады. Әлгі салауатты кісі: «Біреуі бір доллар» деп жауап берді.

«Ойпырмай-ә! Күніне қанша тал тартасыз?»

«Күніне онын тартамын».

«Темекі тартқаныңызға қанша уақыт болды?»

«Қырық жыл».

«Тәңірім-ай! Есептеп көріңіз, қырық жыл тартқан темекіңіздің ақшасына мына түрлі бұйымдар дүкенін сатып алуға әбден болады ғой?!», – деді Кан.

«Сіз темекі тартасыз ба?»

«Жоқ!»

«Онда мына ғимаратты сатып алдыңыз ба?»

«Бұған шамам қайдан жетсін?..»

«Бірақ мен сатып алдым, бұл дүкен менікі...»

Канды топас деп ешкім айта алмайды. Өйткені, біріншіден, Кан іштей есептеуге жүйрік, ол бір доллар тұратын темекіні қырық жыл тартқан ақшаға әлгі дүкенді сатып алуға болатынын табанда есептеп шығарды. Екіншіден, кішкентайынан үнемшіл болып ержеткен, әрі, темекіге де жоламаған.

Бірақ ол парасатын байлық пен ақшаға айналдыра алған жоқ. Әмбебап дүкенін сатып алатындай ақша да құрай алмады. Сондықтан, Канның парасаты өлі парасат, салауатты саудагердің парасаты тірі парасат деуге болады. Кан әлгі саудагердің сауда майдандарында темекі тартуының өзі салтанатын асыра түсуде ерекше маңыз алатынын тіпті де түсінбейді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: gifakt.ru 

Қосылған күні: 31 қазан 2013, 11:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.