Ақшаның құны

Ақшаның құны

Елге танымал психолог қолына 500 теңгені жоғары ұстаған күйі, пән бойынша өз сабағын бастап кетті. Залда отырғандардың қарасы 200-ге жетіп қалатын. Психолог қолындағы ақшаны кімнің алғысы келетінін сұрады. Барлығы, бір топ мүшелеріндей бір уақытта қолдарын көтерді. 

"Сіздердің біреулеріңіз ақшаны алмастан бұрын, мен бір нәрсе жасағалы тұрмын", - деді психолог. Ол алақандағы ақшаны жұмарлап тастады да, кімнің әлі алуға дәмесі барын сұрады. Бұл жолы барлығы бірдей қолын көтерді.

"Онда", - деді ол, - "Мен мынаны жасаймын", сосын ол ақшаны еденге тастады да, үстінен етігінің өкшесімен басып, үйкеп тұрып алды. Жерден көтергенде ақшаның мыж-тыжы шығып, ластанып қалған еді. "Мынау күйімен бұл ақша сіздердің қайсыларыңызға қажет?". Бұл жолы тағы да барлығы қолын көтерді.  

"Қымбатты достар", - деді психолог, - "Жаңа ғана сіздер бағалы әрі көрнекі сабақ алдыңыздар. Мына ақшаға не істемегеніме қарамастан, сіздер оны алғыларыңыз келді. Өйткені, ол өз бағасын сақтап қалған болатын. Ол әлі де болса, 500 теңгелік құнын сақтап қала алды. 

Біздің өмірде ерден түсіп қалып, езіліп-жаншылып, еденде жатып қалатын күндер болады. Мұндай сәттерде біз өзімізді ешкімге қажетсіз сезінеміз. Не болғаны, әлде не болатыны маңызсыз, сен ешқашан өз бағаңды жоғалтпайсың. Лассың ба, немесе кіршіксізсің бе, әлде жаншылғансың ба, умаждалғансың ба, сен әрқашан өзіңді сүйетін жандарға теңдессіз қымбат болып қала бермексің".

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: funnyforex.ru 

Л. Лига