“Майкрософт” компаниясының аула сыпырушысы

“Майкрософт” компаниясының аула сыпырушысы

Бір адам “Майкрософт” компаниясына аула сыпырушы болып жұмысқа тұруға келді. Маман тағайындау бөлімінде оған бірнеше сұрақтар қойылды, сосын кішірігім тест алынды, ақыры сөзге де кезек келіп жетті:

- Сіз қабылдандыңыз. Қай уақытта жұмысқа шығатыныңызды хабарлап тұру үшін өзіңіздің электронды мекенжайыңызды қалдырыңыз.

 - Бірақ менде ол түгілі компьютер де жоқ қой, - деді абыржап қалған еркек, - Электронды мекенжайды айтпай-ақ та қояйын.

- Мұндай жағдайда біз сізді жұмысқа қабылдай алмаймыз, өйткені сіз виртуальды жоқ болып саналасыз. 

Ренжулі ер адам көшеге шықты. Қалтасында бар-жоғы 10 доллар. Қалай ақша тапса екен? Осы тұста оның басына бір керемет ой келді... Ол фермерден 10 келі қызанақ сатып алып, сосын үйлерге барып шығып, өнімін ұсына бастады. Және ол қадамы 2 сағатқа жетпес уақытта (ол уақыттан да аз болуы мүмкін) алғашқы түсімін де әкелді.

6 сағаттан соң, қалтасында 160 доллар тұрды. Мұндай табыстармен жұмыссыз-ақ күн көретінін түсінді. Арада біраз уақыт өткен соң... Ол көлік сатып алды, артынша жүк көлігін алды, ақырында дүкен ашып, араға бес жыл салғанда, үлкен дүкен шоғырларының қожайынына айналды. 

Сонда барып қана ол өз өмірін сақтандыруға бекінді. Сақтандыру компаниясымен келіссөзге келді. Оған әлдеқайда ұтымды келісімді жіберу үшін электронды мекенжайын қалдырып кетуін сұрады. Ол осы тұста осыдан бірнеше жыл бұрынғыдай өзінің электронды мекенжайының, тіпті, компьютерінің де жоқтығын айтып берді. Осы сөздің бәрін ол осыдан бес жыл бұрын жолығысқан, жұмысқа қабылдамай қойған адамға айтып тұр еді.

- Бұл керемет қой, - деп сақтандыру агенті айқайлап жіберді, - сіздің бизнесіңіз сондай үлкен және электронды мекенжайыңыз жоқ! Сіз көз алдыңызға келтіріп көріңізші, егер сізде компьютер болғанда, сіз кім болар едіңіз?!

Ойлана келе, ол былай деп жауап берді:

- “Майкрософт” компаниясының аула сыпырушысы болар едім. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:wallpaper.zoda.ru

Л. Лига