Бақбақ

Бақбақ

Керемет тәмсілдің керемет бір әсерге бөлейтіні анық. Оқи отырыңыз. 

* * * *

Үйінің алдындағы керемет көк шалғынды мақтаныш етіп жүрген еді. Бірде, қалың шөп арасынан бойы қылтиған бақбақтарды көріп қалды. Солардан, бақбақ гүлдерінен қайтіп құтылғысы келмесін, соған қарамастан әлгілер күн санап өсіп-өнулерін жалғастыра берген-ді. 

Еш айла қонбаған соң, ақырында жергілік шаруа дүкеніне хат жолдауға бекінді. Хатта арамшөппен күресуде өзі қолданып көрген барлық әдіс-тәсілдер тізіліп шығып, соңғы жолы мына бір сұрақпен аяқталған болатын: "Мен барлық әдістерді қолданып көрдім. Кеңес етіңіздерші, не істеуіме болады?"

Жауап та көп күттірмей келіп жетті: "Оларды сүюге кеңес етеміз". 

* * * *

Қандай ой түйдіңіз?

сурет:milashevtsova.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига