Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Алыс пен жақын

Алыс пен жақын

Алыс пен жақын

Күндегі тұрмыстың күйбеңінде шырмалып жүріп жақын жандарды ренжітіп алып жатамыз. Кейде дау арты үлкен ұрыс-керіске ұласып, нәтижесі қарым-қатынас үзілуіне алып келмек. Соңында, ертелі-кеш ағат кеткен тұсты аңғарып, батыл қадам жасауға тырысып бағамыз. 

Бірде Ұстаз өз шәкірттерінен сұрапты:

- Адамдар осы неге ұрысқан тұста бір-біріне айқайлайды?

- Өйткені, дәл сол тұста тыныштықты жоғалтып алады, - дейді біреуі.

- Бірақ егер әлгі адам қасында тұрса, онда дауыс көтерудің қажеті не? - деп Ұстаз сұрауда, - Ақырын ғана айтуға болмай ма екен? Егер сен өкпелеп тұрсаң, айқаулаудың қажеті қанша?

Шәкірттер әр төңіректе өз жауаптарын айтып та көрді, алайда, бірде-біреуі ұстазды қанағаттандырмады. Ақыры өзі түсіндірмек болды:

- Адамдардың бір-біріне көңілі толмай және ұрысқан тұста олардың жүректері алыстай түседі. Осы үшін, сол бір алысты жабу үшін және бір-бірін есту үшін оларға айқаулауға тура келеді. Олар неғұрлым ренжіген сайын, соғұрлым қатты айқайлай түседі.

- Ал адамдар бір-бірін сүйіп қалған тұста не орын алады? Олар дауыс көтермейді, керісінше, ақырын сөйлейді. Өйткені, олардың жүректері бір-біріне жақын тұрады және қашықтық та қысқара түседі.

* * * *

Ал қатты сүйіп қалған тұста не орын алады? - деп Ұстаз сөзін жалғастырды. - Тілге келмейді, ақырын ғана сыбырлап, өз махаббаттарымен қашықтық одан бетер жақындай түседі.

Ақырында оларға сыбырлаудың да қажеті жоқ. Олар бір-біріне қарай отырып, сөзсіз һәм тілсіз бір-бірін жақсы түсіне бермек. Екі ғашықтың көңіл-күйі осы болмақ.

Міне, сосын, бір-бірлеріңмен дауға қалғанда жүректердің алыстай түсуіне жол бере көрмеңдер. Аралықты алшақтата түсетін сөздерді айта көрмеңіздер. Өйткені, күндердің-күні аралық тым қатты ұзарып кетуі мүмкін. Сол уақытта қайтар жолды табу қиынға соғады.

сурет:pandemoniym.livejournal.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2331 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 28 мамыр 2013, 15:48
Пікірлер
+0
28 мамыр 2013, 16:12

жақсы тәмсіл екен

+0
28 мамыр 2013, 16:25

есте сақтар дүние екен

+0
28 мамыр 2013, 16:48

күшті екен, рас қой. сүйіктіңе сыбырлап сөйлегің кеп тұрады ғой :oops:

+0
28 мамыр 2013, 21:17

рас,үндемей жүресің,үнсіз түсіну....

+0
30 мамыр 2013, 16:03

Осы жазбаны сәл ертерек оқығанымда ғой... :cry:

+0
02 маусым 2013, 01:42

:lol: :lol: есте сактау керек екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...