Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Сын / Дидар Амантай. Сағыныш гравитациясы

Дидар Амантай. Сағыныш гравитациясы

Дидар Амантай. Сағыныш гравитациясы

Құдай асық ойнағандай екен, депті Эйнштейн. Бірде дәл тигізесің, бірақ, сақаның шеңберден шертіп шығаруға күші жетпей қалады. Қайта айналып, екінші мәрте атқанда, қатты екпін алған сақа тізілген асықтардың жанынан, ешқайсысын соқпай, зуылдап өте шығады.

Жылдамдығы барда орны жоқ, орнын тапқанда, жылдамдығын жоғалтып аласың. Себебі, кез келген ұсақ бөлшек үнемі қозғалыс үстінде, шайқалып тұрғанда, орнын ауыстыра береді, сондықтан, келе жатқан жылдамдықта орын болмайды, ал орында – жылдамдық жоқ.

Екі қасиетін қатар өлшей алмайсың. Бірін өлшегенде, бірі беймәлім.

Бұл, ұсақ бөлшектердің кеңістікте, қабырға іргесіне жағылған бояудай кескінделетінін білдіреді. Демек, бір уақытта бірнеше орында өмір сүреді. Тағдыры – жүріп келе жатқан жылдамдықты қай орында тоқтатып, қандай межені таңдап алатыныңа байланысты.
Экзистенциалистер де Эйнштейндей ойлайды. Өмір бітпей, тағдырға баға бере алмайсың. Өйткені адам өзгеруі мүмкін. Пенде баласы өмір сүріп “мәнденеді”. Өлгенде, “мәндену” процесі тоқтайды.

Қай жерде тоқтайды, сол жерден мән шығады. Яғни, “өмір сүру” (бірінші) “мәннен” (екінші) бұрын өмір сүреді.
Әңгіменің ұзын-ырғасы осы.
Күрделі тақырып.

Досхан Жылқыбай. Квант (әңгіме)

2.
Сюжеті – бір ізді сурет емес. Шегініс жасап отырады. Уақыт бөлшектенеді. Толқын түрінде тарайтын үзік-үзік кванттар тәрізді. Бірақ, мәтіндегі бөлік-бөлік, тең-тең жайттар ойда, оқырман басында, кванттық механика теориясы бойынша, бір-бірімен оңай қабысып жатады.

Негізінен, бір күндік уақиға кіндігіне байланған біршама эпизодтар. Емтихан тапсыратын кез, тапсырған шақ, тапсырған соң өрбіген, қалыптасқан жағдай.

Қоғамның келеңсіз тұстары бейтарап жазылған, автор баға беруден қашады, басты қаһармандарын таныстырудан, бет-әлпетін суреттеуден, жағымды-жағымсыз кейіпкер жасаудан бой тартады. Кейіпкер үшін күреспейді. Бәрі жеңіл, оңай кейіптелген. Басымдылықтарын көрсетпейді, неге көңіл аудару керектігін айтпайды. Оқырманды білімсіз көрмейді, сауатсыз санамайды. Тең дәрежеде сұқбат құрады. 

Әңгімеде пафос жоқ. Кәдімгі студент жастар ғұмыры. Сылдырап, күлдіріп, ренжіп, өкініп-опынып өтіп жатқан өмір. Көп уақиғаның бірі. Қарағандыда да, Шымкентте де, Оралда да өтуі мүмкін.

ДИДАР АМАНТАЙ, жазушы: "Кез келген өнердің мұраты – атмосфера"

3.
Жазу тәсілінде қалам еркіндігі бар. Тігінен оқылатын шығарма емес. Көлденең кірігетін тұстары көп.

Тілі төгіліп тұр. Жазғанда қиналмайтыны байқалады. Сауатты қаламгер. Жалған диалогтардан ада. Сезім, әсер пафосы көрінбейді. Орнымен, өлшеммен. Ұстамды қалам иесі.

Ақылгөйлігі жоқ.

Мен әңгімені ұнаттым. Студенттің тыныс-тіршілігі қып-қысқа уақиғадан көрінеді. Автор атмосферасын жасай білген. Шын мәнісіндегі, талантты қалам иесімен таныстым деп ойлаймын. Көп нәрсе емеурінмен білдіріле салады.
Туынды оқырманды оқуға шақырған кванттық мазмұнға, өзіне тартқан гравитациялық сағынышқа тұнған.

Ақ жол, Досқан!

Қарқаралы – Көктас
08.06.2019

0
Рейтинг: +2

Фото: Yernar Almabek
Қосылған күні: 09 шілде, 10:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.