"Сурет – мылқау поэзия..."

"Сурет – мылқау поэзия..."
Фото: nastol.com.ua

Әдебиет – адам жанының дауасы. Әдеби шығарманы оқыған адамның жаны өзгелер түсіне алмаған дүниені түсініп, бәрін көре алады. Ол сонысымен ерекше. Бұл о бастан дәлелденуді қажет етпейтін аксиома. Белгілі қаламгерлер әдебиет туралы қандай пікір айтқан екен. Оқи отырыңыздар.

"Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады". А. Байтұрсынов 

"Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы". З. Қабдолов 

"Сурет – мылқау поэзия. Ал поэзия – жанды сурет". Ф. Вольтер 

"Көркем өнер қоғамдық құбылыс, адамды қалыптастырушы еңбек, демек өнердің де негізі – еңбек". Г. Плеханов

"Әдебиеттану – адамды тану ғылымы". М. Горький 

"Драма – сахнада өмір сүреді, сахнасыз драма – өлі". Н. Гоголь 

"Біздің заманымыздың эпопеясы - роман". В. Белинский 

"Әдебиеттің өзегі — адам, мақсаты — катарсис, яғни адамдардың сезімін барлық жағымсыз, келеңсіз нәрселерден арылту". Аристотель 

"Сөз бен дыбысты үндестікке әкеледі, өйткені ақын - үндестік ұлы. ...Үндестік бүкіл дүниежүзілік күштің келісімі, әлемдік өмірдің әрі мен әсемдігі". А. Блок 

"Әдіс - творчестволық тәсіл". В.Шербина 

"Өлеңдегі негізгі күш, негізгі қуат - ырғақ". В. Маяковский

"Әдіс - шындықты суреттеудің жалпы принципі". Г.Абрамович 

"Әсемдік дегеніміз - өмір". Н.Чернышевский 

"Маңым толған адам: өз қаһармандарым маза бермейді, көз алдымда қырық құбылып жүреді, мен оларды ап-анық көремін, өзара сөйлескендерін естимін". И. Гончаров 

"Мінез қандай болса, стиль де сондай". Платон 

"Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен сүріңіз…". Л. Толстой 

"Сөз әдебиеттің құрылыс материалы". К. Федин 

"Адамзаттың нағыз тарихын тарихшы емес, әдебиетші жазады". М. Горький

"Роман – әлі қалыптасып болмаған жанр". М. Бахтин 

"Әдіс - өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі". Л. Щепилова 

Г. Берік