Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / Темекі ауыстыру

Темекі ауыстыру

Темекі ауыстыру

Әлде бір жұмыспен бастығымның кеңсесіне кірдім. Ол қалтасынан бір қорап «Treasurer» маркалы шылымын алып шықты. Өзі үнемі осыны тұтынатын. Англияда өндірілетін ең қымбат маркалы темекінің бірі. Бір қоабының бағасы шамамен 5000 теңгеге жуықтау. Көңіл күйі көтеріңкі екен. Маған бір талын ұсынады ғой деп тұспалдадым. Бірақ, ол шылымын қорабымен бірақ бере саларын қайдан білейін. «Екеуміз шылым ауыстырайық» деді.

Сәл аңтарылып тұрып қалдым. Менің арзан бағалы, сапасы нашар, тартсаң тамақты ауыртатын, өзім үйреніп қалған темекі тартатынымды біле тұра қалайша «ауыстыра қояйық» дей қалғанына жіп таға алмадым. Қызмет барысында маған ерекше ілтипаты шығар деп қуанып та қалдым. Немесе үнемі дәмді тағам жеп жүрген байлардың да кейде әдеттегі қарапайым дүниелерді аңсайтын кезі болады ғой. Мүмкін ол да сол көңіл-күйде шығар.

Әйтсе де, бастығымның тосын сыйлығына қатты қуандым. Темекімізді ауыстырып бола бергенде, есік қағылып, бірнеше бейтаныс, бірақ жоғары лауазымды екені аңғарылып тұратын бірнеше адам келе қалды.

Орнынан құрақ ұша түрегелген бастығым «қалай тез келіп қалдыңыздар. Алдарыңыздан шыға алмағаным ұят болды. Біраз тынығып алыңыздар» деп, маған шәй қоюға бұйырды. Кеудесі көк тіреген бастығымның мұнша бәйек болғанына қарап, жоғарыдан келген тексеру комиссиясы екенін бірден аңғара қойдым.

Олар отырар-отырмастан, бастығым жаңағы менен алған шылымды алып шығып, оларға бір талдан ұсынды. Қонақтар темекіні аларын алса да, мұрындарына апарып искеді де қойды. Тартқан жоқ. Бастығым әлде неден ыңғайсызданғандай дереу маған бұрылып, «Ұят болды-ау, темекіңнен берші» деді қысылып. Сөйтіп, әлгі бастығым сыйлаған темекі аты менікі болғанымен, өз иесіне қайтып, қонақтарға ұсынылды.

Олар қайтар алдында, бастығымның қолын ерекше ықыласпен қысып, «Сіз үлгілі басшысыз. Дегенмен, тым үнемшіл болып кетпеңіз. Өзіңізді де аялай біліңіз. Қараңызшы хатшыңыздың өзі қымбат бағалы темекі тартады екен ғой» деді ыстық ықыласпен.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: tell-smoking.net

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 18:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.