Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / Жатақхана немесе студенттік түрме

Жатақхана немесе студенттік түрме

Жатақхана немесе студенттік түрме

Жатақхана, әрине, студенттер үшін құтты мекен. Бірақ мұның да бір шикіліктері бар. Қазіргі таңда «жатақхана» ұғымы «түрме» ұғымының синониміне айналып бара жатқандай. Бір ерекшелігі, түнгі он бірге дейін емін-еркін жүресің, ал одан кейін... тағдырың тоғыз қабатты торуылдап жүрер надзирательдер мен аппақ қағаздың қолында. Түрмеде, бір жаманы, камерадан қашып шығуға талпыныс жасасаң, тағы бір-екі жыл қу тізеңді құшақтап, екі көзің төрт болып, төрт қабырғаға телміресің. Ал, бізде-е-е, бәрі мүлдем өзгеше, камераңнан шықсаң ақ қағазға не үшін шыққаныңды жазсаң болды, бөлмеге барып ұйықтайсың. Айтпақшы, абақтының өзіндік жеңілдіктері бар, үш рет камераңнан шығып тәртіпсіздік жасасаң, сөгіс жарияланып, "бостандыққа" жібереді.

Күнделікті құлақ естіп, көз үйренген  түрмені барлығымыз білеміз. Онда қырдан қашқан, ойдан қашқан қылмыскерлер тұтқындалып, еріксізден қамауға алынады. Студенттік абақтының милициялары болса қылмыскердің соңынан сабылып жүріп, сарғайып уақыт өткізбейді, біз өзіміз барамыз. Бізге студенттік абақтыға түсу өте қиын. Ол үшін тым тәртіпті, қой аузынан шөп, айдаһар аузынан от алмастың өзі болуымыз тиіс. Одан бөлек құжат жинап бір ай ақ тер, көк тер болып, зорға дегенде армандаған түрмеңе кеп қамаласың. Тәртіпке бас иген құл болмас, тәртіпті болсаң алты жыл абақтыда жатасың. Егер оған көнгің келмесе надзирательдің аққұба бетіне шапалағыңның дәмін татқызсаң болғаны, кете бер жөніңе...

Осы бір шығармамды жазып отырып ой түйдім. Түрменің де жақсысы бар екен-ау, тәйірі. Сол себепті қазіргі жастарға айтарым «түрмеге» түсіңдер, адам боласыңдар. 

Ерсін Оспанбек

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет:manshik.wordpress.com

10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 03 қаңтар 2013, 16:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.