Көш жүре түзеледі. Әзиз Несин

Көш жүре түзеледі. Әзиз Несин
Фото: shaturasib.ru

Бұл оқиға бұрын болған деседі. Болды ма, болмады ма – білмеймін, әйтеуір, шын сияқты. Ішкі істер министріміз бір күні. Н. оязындағы бір азаматты дереу алып келуге әмір етіпті. Біздегі «алып келдің» әліпбиін білесіз ғой. Жоғары жақтың әмірі төмен қарай ққлдилап, жргілікті жандарм участогіне барып жетті де, онжағылар әлгі азаматты бассалып байлап-матап, Анкараға ала жөнеледі.

Ол азамат кім еді?

Ол игі ой тобындағылардың бірі екен де, астанаға алғанда оны депутат етпек екен.

Сөйтіп ол депутат болды. Әлдекімдер одан:

– Сіздің сөз сөйлегеніңізді ешқашан естімеппіз, ол қалай? – деп сұрады.

– Мен беталды сөйлемеймін. Бір рет бір ұсыныс жасап сөйледім де, жұрт оны бірауыздан мақұлдады, – деді ол.

– Ол не ұсыныс?

– Зал қапырықтанып кеткен соң: «Мырзалар, терезелерді ашсаңыздаршы!» – дедім.

Оның олай деген-демегені беймәлім, бірақ деуі де әбден мүмкін.

Әлбетте, сөз сөйлеудің қиын тиетіні бар. Ал бір сөйлеп төселіп лаған соң, сөйлемей щыдау да қиын болады.

Сөздің көктейтін жері – парламент.

Бірде біздің депутат әйелдердің бірі жоба ұсынуға тиіс болды. Ұсыну үшін жобаны талдап түсіндіру керек екенін білесіздер. Ал депутат бикешіміз өйте алмады да, ақырында: «Алғаш рет сөйлегенде әрқашан осылай болады», - деп мінбеден түсіп кетті.

Оның ол тұжырымын түсіндіре отыралық. Құрметті бикешіміз депутат болғалы сегіз жыл өтті. Сонда оның сөз сөйлеуге шымыне бірінші рет шыққаны ма? Ал оның сөзуарлығы баршаға баяғыдан мәлім. Демек, ол әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың дәл сөзі болды.

Шындыққа жүгінсек, жұрт алдында бірінші рет сөйлеудің қиын екені рас. Бір мейрамда біздің мектеп директоры сөз сөлемекке балконға шығып:

– Мырзалар, бүгін мейрам, – деді. Сәл бөгеліп, жөткірінп алып, сөзін жалғастырды. – Бүгін мейрам, мырзалар! – деді. (Тағы бөгелді, тағы жөткірінді). Мейрам бүгін, мырзалар! (Тағы біраз бөгелді). Бүгін, мырзалар, мейрам... Мейрам бүгін, мырзалар...

Содан бастап ол Мейрам мырза аталып кете барды.

Сол дәуірде тағы біреу мінбеге шығып:

– Отандастарым, бізде алты жебе бар... – деді де, бедірейіп біраз тұрды. Содан соң:

– Алты жебе, отандастарым... – деді.

Берекесі қашқанын өзі де сезді.

– Тәңірім бізге жар болса, біз алты жебеден алпыс алты жебе жасаймыз, – деді ол.

Сөзін сонымен тәмамдап, мінбеден түсті. Жұрт оған алақандары ауырғанша қол шапалақтады.

Оған қарағанда әйел депутатымызға не өкпе бар? Бикештің алпыс алты жебе жасауға уәде берерліктей тым құрыса сыңар жебесі де жоқ болатын. Жоқты жерден шұқып тапсын ба? Рас, оның «үстеме», «қосымша» деген сияқты сөздерді ойнатып, халына біраз ой тастауына болатын еді. Мысалы, «Үстемеге үстеме қосып, үстемелеп арттырып, сонан соң ол үстемеге тағы біраз үстеме қосамыз? – деуі керек еді де, мінбеден маңғаздана түсіп, кер маралдай керіліп кете беруі керек еді.

Өйтуге оның ақылы жетпеді. «Алғаш рет сөйлегенде әрқашан осылай болды болады» деп, бар-жоқ шынын айтып шатасты.

Иә, сөз сөйлеу қиын. Бірінші рет сөйлеу өте қиын, бірақ бір төселіп алған соң өзіңді тоқтата алмайтын боласың.

Әзиз Несин

@. @assel_assanova