Рұқсат сұрау

Рұқсат сұрау

Қызметкер (Күле сөйлеп): «Басеке, мен бір күнге рұқсат сұрайын деп едім».

Директор (Ашулы бейнеде): «Сен бір күнге рұқсат сұрап тұрсың ба менен?!»

Қызметкер (Жымиып): «Иә, басеке!»

Директор: «Сен мына серіктікке қандай талап қойып тұрғаныңды білесің бе? Бір жылда 365 күн бар, ол 52 аптаға бөлінеді. Сен әр аптаның екі күнінде демаласың, бәрін қосқанда 104 күн, енді 261 күндік жұмыс күні қалды, солай ма?»

Қызметкер (Сәл тіксініп): «Солай...»

Директор: «Сен әр күні 16 сағат жұмыста болмайсың, бұлай есептегенде 174 күнді шығарып жіберу керек, енді 87 күн қалды, дұрыс айттым ба?»

Қызметкер (Қысылып): «Дұрыс айттыңыз»

Директор: «Сен әр күні ең кем дегенде 30 минутыңды ғаламторға жұмсайсың, бұларды қоссақ, әр жылы сен жұмыс уақытында 23 күн интернетте құр-бос отырып уақытыңды өткізесің. Енді 64 күн қалды»

Қызметкер (Үнсіз басын изеді): «...»

Директор: «Қалған 64 күн, сен әр жұмыс күніндегі бір сағаттық түскі асқа үзіліс аласың, осылайша 46 күн кетеді. Енді 18 күн қалды. Дұрыс қой?»

Қызметкер (Не айтарын білмей састы): «...»

Директор: «Сен әр жылы кем дегенде екі күнді ауру емдетуге сұрап аласың, 16 күн қалды»

Қызметкер: «Иә-иә!»

Директор: «Әр жылдағы мерекелерді қоссақ, ең аз дегенде 5 күн демаласың, сонда 11 күн қалады»

Қызметкер (Басы айналып кеткендей болды): «...»

Директор: «Әр жылы компаниядан сен түрлі себептермен ең кем дегенде 10 күн рұқсат сұрап аласың, осылай айтсақ, бір-ақ күн қалады!»

Қызметкер (Ұялып төмен қарады): «...»

Директор: «Сен ұятсыз енді жұмыс істеуге тиісті осы бір күнді де менен көп көріп отырсың ба?» деп айғай салды.

Қызметкер қолды-аяққа тұрмай кешірім сұрап, кабинеттен шығып кетті.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: dict.cn

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді