Қайыршы мен сұлу бойжеткен

Қайыршы мен сұлу бойжеткен

Қала маңындағы үлкен сарайлардың бірінде көркі көз сүріндірер сұлу бойжеткен тұрады екен. Бір күні сарай есігінің алдына шашы ағарған, киімі алба-жұлба болған қайыршы келіпті. Есік қоңырауын басыпты. Әлгі сұлу есік ашып, мына тіленшіге жаны қатты ашыпты да, оған екі мың теңге беріпті. Сосын қайыршыдан: «Сіз қайыр сұрап тапқан ақшаларыңызды қайда жұмсайсыз?» деп сұрапты.

Сонда әлгі қайыршы: «Жасанамын» деп жауап беріпті.

Бұл жауапқа қатты таңғалған бойжеткен: «Қайыршы адам да жасанып не істейді?» депті.

Қайыршы: «Біз жасанып өзімізді елге өте бейшара қылып көрсетуге тиіспіз, біз сонда ғана көп ақша таба аламыз, - депті де, қыздан қайыра, - сіз жұмыстан қолыңыз тигенде не істейсіз?» деп сұрапты.

Қыз ойланып тұрып: «Түнгі клубқа барамын» депті.

«Ақшаңызды қайда жұмсайсыз?» депті қайыршы тағы да.

Қыз күліп: «Мен де жасануға жұмсаймын» деп жауап беріпті.

«Не үшін?» деп қайыршы таңғалыпты.

«Өйткені, түнгі клубта қаншалық жақсы жасанып, боянсаңыз қонақтарға сонша сұлу көрінесіз, сұлу көрінген сайын олар сенен ақшаны аямайды, көп ақша табасыз» депті.

Мұны естіген қайыршы дереу жаңа ғана алған екі мың теңгесін қызға қайырып беріпті.

Бұған ғажаптанған қыз: «Немене, сізге ақша керек емес пе?» дейді.

Сонда қайыршы: «Солай, сіздің ақшаңыз керек емес, біздің қайыршылар әлемінде жазылмаған бір заң бар. Біз бір-бірімізден қайыр сұрамаймыз!» депті.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: Өңделген

M. Auelkhan