Қайсысы дұрыс?

Қайсысы дұрыс?

Қысық көз қара аю «Кеңес және олжа» газетін оқып отырып, қасқырдың мына мақаласын көріп қалды.

«Таң бозынан аш қарында жүгіру денсаулыққа өте пайдалы. Бұл қан айналымын тездетіп, жүрек, бауыр, асқазан қызметін жақсылайды. Тіпті, ойламаған жерден үлкен олжаға батырады». Қара аю газеттерді жалғасты тағы парақтап отырып, бір санынан түлкінің мақаласын жолықтырды.

«Таң бозынан аш қарында жүгіру денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, аш қарында жүгіргенде ағза жүрек, бауырды қанмен дер кезінде қамдай алмайды да, дененің қуатын әлсіретеді. Тіпті, оқыс оқиға туылып, өлімге апарып соғады».

Бұны көрген қара аюдың басы қатты.

ــ Тегі, қайсысы дұрыс? ــ деп үстелді төпештей жөнелді ол...

Автор: Дәлелхан Байбота

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: gmw.cn

M. Auelkhan