Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / "Әзіліңді сағындық"

"Әзіліңді сағындық"

Тұлпардың тұяғындай болған Бақытжан Момышұлының арамыздан алыстағанына да біраз болып қалды. Жазушының жылдығына орай, жұбайы Зейнеп Ахметова жарының өз аузынан көзі тірі кезінде естіген қалжың-қағытпаларын жинақтап, кітап етіп жариялады.

Бақытжан Момышұлының баласы Ержан Момышұлының сөзінше, «Әзіліңді сағындық» деп аталатын анасының авторлық кітабының атауы алғашында «Бәкеңнің бірқақпайлары» деп аталмақ болған екен. Өйткені алғашқы әзілдер осы атпен жазыла бастаған. Ондағы уытты әрі ащы әзілдерді Зейнеп апамыз Бақытжан ағаның көзі тірі кезінен бастап-ақ қағазға түсіре бастапты.

«Әкем сырт көзге салмақты да суық болып көрінгенімен, өте әзілқой кісі болатын», - деп еске алды кітаптың редакторы әрі Бақытжан Момышұлының ұлы Ержан Момышұлы.

96 бетпен «Навигат Принт» баспаханасынан жарық көрген әзілдер жинағы 500 данамен оқырманның қолына жол тартпақ.

Кітапты оқып отырып, табан астында сөз тауып, ойламаған жерден тыңдаушысының езуіне күлкі сыйлайтын ағаның жарқын келбетін көз алдыңа елестетесің. Сөйтесің де, өзің де еріксіз күлесің. Өзінің сүйікті жары Зейнептің әзіл көтеретін мінезіне үйренген ағамыз қандай да қалжыңын соған қарай жаудырып отырады. Әйелімен әзілдескен әңгімелерін оқып отырып, көз алдыңа тәтті бір отбасыны елестету қиын емес. Аяқ астынан шымшып алып, қытығыңа тиетін қалжыңдары мен қағытпаларын оқу да, ұғу да жеңіл. Әзілдердің орынсыз айтылған тұсын да кездестіре алмайсың. «Әзілі жарасса, атасымен де ойнайтын» қазақ үшін бұл кітапдың құны жоғары болмақ.

Қолдарыңызға осы кітап тигенше, біз сіздермен ондағы әзілдердің бірқатарын бөліспекпіз. Ендеше, өмірден өткеніне жылға жуықтаған жұбайының «әзілін сағынған» Зейнеп Ахметованың «Әзіліңді сағындық» еңбегінен үзінді келтірдік...


****

Кіші немереміз Мадияр: «Әже, әже!» - деп мойнымнан құшақтап, бетімнен сүйіп жатыр.

-Бұл үйде мені Мадияр ғана осылай жақсы көреді, - дедім жүрегім елжіреп.

-Әжесі-ау, ол әлі кішкентай ғой, - дегені атасы маған қарап.

****

-Неге екенін білмеймін, түсіме кілең әйелдер жиі кіретін болды, - деді Баха.

-Ондай кезде «бисмилла, бисмилла» деп оянып кет. Шайтандар ғой түсіңе кіріп мазалап жүрген, - дедім әдейі өзінің сөзіне орай.

Сол күні түскі асқа шақырайын деп бөлмесіне кірсем, ұйықтап қалған екен.

-Баха! Баха! – деп ақырын ғана иығынан сипалап оята бастап едім, көзін кең ашып қарады да:

-Бисмилла, бисмилла! – деп мен жаққа қарап, қолын сермеп-сермеп жіберді.

****

Төлеген мен Қыз Жібектің – Құман мен Меруерттің шаңырағында қонақтықта отырмыз. Сөз кезегін Бақытжанға бергенде, қасында отырған Шерхан аға – Шерхан Мұртаза:

-Тікірейген шашыңнан айналайын! – деп інісінің басынан сипады. Сонда Бәкең сөзін тост сөйлеуден емес, басқа бір әңгімеден бастады:

-Аға, жақында мен жан-тән туралы жазылған бір кітап оқыдым. Сонда айтады, адам өмірге келгенде, яғни туыла салып, екі періште қасына келеді екен де, баланың бүкіл алдағы өмір тіршілігін, тағдырын кезек-кезек айтып береді екен. Бірақ қырқынан шығарған соң, бала оның бәрін ұмытады екен. Ал мен ұмытпадым. Періштелер «Әкең – Бауыржан, әйелің – Зейнеп болады» дегенде, төбе шашым тік тұрды да, сол күйі жатпай қалды, – деді.

****

-Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.

****

Ауылда тұратын бір руласымыздың Алматыда оқиын қызы үйімізге келіп-кетіп жүретін. Бір күні сол қыз тұрмысқа шықты. Арада жарты жылдай уақыт өткенде қызымыз:

-Сүйіп қосылып едік, енді қарасам дұрыс жұмысы да жоқ екен, тапқаны тамағымыздан артылмайды. Әбден тарығып, жүдеп кеттім... – деп шағынды. Оған Бәкең:

-Айналайын-ай, мұқтаждық есігіңнен қарағанда, махаббат терезеден секіріп кеткен екен ғой, - деді.

****

Телефон сылдырлағанда, Бәкең барып алды да, амандық-саулық сұрасып жатты.

-Асқардың жағдайы қалай, сабағы жақсы ма? – дегенде, звондап тұрған адам осы үйге етене жақын адам болып кеткен Айгүл Болатханқызы екенін ұқтым. Асқар – оның ұлы.

Ар жақтан менің халімді сұрады білем, Бәкең:

-Қазір тойға шақырулар көп, апаң сайрандап жүр, тамақ жасауды қойды. Бір күн тойға барамыз, ертесінде тойдан әкелген сарқытты жейміз, - деді.

****

Бақытжан өте балажан, кез келген сәбиге жүрегі елжіреп еркелететін мейірбан жан еді. Балаға қол көтеру, зекіп, көңілін қалдыруды күнә санайтын. Ол баламен бала болып ойнап, бала болып сөйлесіп тілін табатын.

Машинкасын тықылдатып жұмысын істеп отырған әкесінің қасына Ержан кіріп келіп:

-Папа, адамның сегіз қолы болса, не істейді? – деді. Әлі мектепке бармаған кішкене кезі болатын.

-Адамның сегіз қолы болса, сабын жетпес еді.

-Ал екі басы болса ше? – деп Ержан қояр емес.

-Онда, әкесі жұмыс істегенде бөгет болмай, екі бас бір-бірімен әңгімелесіп отырар еді, - деп жауап берді әкесі.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: Ақерке Әбілхан

Әзілдер Зейнеп Ахметованың "Әзіліңді сағындық" жинағынан теріліп жарияланды 

1458 0
Рейтинг: +8

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 07 қазан 2013, 19:52
Пікірлер
+0
07 қазан 2013, 19:36

Фонограмма туралы қалай мықты айтқан! :D

+0
07 қазан 2013, 19:38

Енді бұл кітапты міндетті түрде оқу керек

+0
07 қазан 2013, 19:40

Фонограммамен ән айтатындарға жасанды гүл берсе иә :mrgreen:

+0
07 қазан 2013, 19:49

"Сөз тапқанға - қолқа жоқ" деген осы!

+0
07 қазан 2013, 22:02

Әзілдері ерекше екен. Оларды оқып күлсең де, жүрегің жылып күлесің бе, бір түрлі түсіндіре алмаймын...

+0
07 қазан 2013, 22:23

Күлімсіреп отырып еске аламыз ағаны, дұға етеміз... Әдемі әзілдерін оқи отырып, сағынышымызды басамыз... Апама құдай қуат берсін! Алғыстан басқа айтарым жоқ Зейнеп апама...

+0
08 қазан 2013, 15:14

Оқымауға болмайды! Керемет! «Әзiлiңдi сағындық»...

+0
09 қазан 2013, 08:07

Кітапты, ақтарып шықтым) Зейнеп апайдың шыдамдылығын айтамын да, анандай әзілдерге мен шыдай алмай төркініме кетіп қалатын сияқтымын ғой, әдемі естеліктер, бәрімізге Бақытжан ағадай жарды нәсіп етсін!

+0
20 ақпан 2015, 10:56

Сәлеметсіздер ме. Бұл кітапты қайдан ала аламын?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...