Көңіл күнделігі

Көңіл күнделігі

Сіз періште көрдіңіз бе? Мен көрдім. Түсімде емес, өңімде. Кәдімгі адам пішіндегі періште. Құдай менің тілек-қалауыма өз періштесін жібергендей. Ол менімен күні-түні тілдесті. Бар қасиет болмысымды көргісі келгендей. Иә, көргісі келді...

Мына өмірде адамдар махаббатты не деп түсінеді? Оны жоққа шығарады. Сенгісі де келмейді. Махаббаттың етегіне мың мәрте жабысқаныңмен талабы биік қарымтасыз сезім шыңына шығу өлімді талап етеді. Адамдар шынайы сезімді емес, адалдықты емес, жеткен жетістігі арқылы махаббатты орнатқысы келеді. Қоғам өміріндегі адамдар арасындағы қатынаста шынайы махаббат бар ма? Жоқ, күншілдік өмір үшін екіжүзділік қатынас орнатқысы келеді. Құдай жаратқан сол бір махаббат сезімін мәңгі бақи ту етіп қалдырады.

Ешкім қиын өмірді жеңілдеткісі келмейді. Шынайы сүю де жоқ. Әр адам жетістік, атақ менде болса дейді. Өз мақсатын тәуелді ету бір ғана шақта болады: құдайға құлшылық етер кезде тәуелді, батыл, сенгіш келеді. Ал, қоғамдық ортада ше? Ой-арманға деген құрмет ше? Осы жерде бар ма? Жоқ. Жауабы осы. Қыз бен жігіт арасындағы махаббатта сенімділік бар деп ойлайсыз ба? Бір-бірінің күйі күю үшін тоқталып жата ма? Жоқ. Жоқтан сенімділік іздейді. Адамдарға жақсылық жасау ше? Ол да бір тәуелділік формуласын жасайтындай. Соны бәрі сезеді, біледі, бірақ дер кезінде емес. 

Мен өкінішті адамдар өзі жасайды деп ойлаймын. Жастық өмірдің бір күні қызық һәм қайғылы. Соның қуаныш ортасын көбейтсем деймін. Менің аңқаулығым - өмір ағымында тосқауыл жоқ деп ойлайтыным. Адамдар кейде қанаты жоқ құсқа ұқсап кетеді. Құдайдан еркін ұшар қанат тілейтіндей. Алайда, адам болмысы тым құбылмалы. Сырын білу өте қиын.

Менің періштем кетіп қалды. Көкек әні көктемде айтылғанда ол келеді. Сол періштеге ғашықпын! Ол қайтып келеді...

Мағынасы жоқ мимырт тірліктен қажып, құдаймен тілдескендей көкке қарап, күбірлейсің де еркін әңгімеңді айтасың - арман, бақыт, қиындық, күй-жайыңды ғажап!

Балғын Асыл

сурет:businessinsider.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс